Жахангер Айаулым Мұратқызы
Мәдени іс-шараларды ұйымдастырушы
02.09.2025 жылы 1 қыркүйек-Білім күніне арналған «Білім күні. Бейбітшілік күні!» атты тақырыпта «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі» ғимаратында мерекелік жиын өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнімен ашылып, бейбітшілік пен келісімнің маңызы туралы қысқаша баяндама жасалды.
Мерекеге колледж директоры және оқытушы құрам, барлық топ курс студенттері, сондай-ақ ата-аналар қатысты. Студенттерге бейбітшілік пен достық құндылықтарын насихаттау мақсатында оқу-тәрбие үрдісі, колледждің ішкі- тәртіп ережесі студенттердің құқықтары мен міндеттері таныстырылды. Іс-шара соңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйланды. Беленді студенттер колледж директорының атынан алғыс хатпен марапатталды.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/p/DOGVvFijOWS/?igsh=MXVrNmszdDlvcGNleg==
04.09.2025 ж. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Тұран аудандық полиция басқармасының қызметкерлері студенттермен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, колледждің ішкі тәртіп ережелері, форманы сақтау, түнгі уақытта көшеде жүрмеу, заңды өкілдікті рәсімдеу, тыйым салынған заттарды әкелмеу, зиянды әдеттердің алдын алу және жол қозғалысы ережелері бойынша маңызды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға:
КПБ аға жедел уәкілі, полиция капитаны Мекенбаев Марат Серікұлы,
ЖПҚБ УПИ полиция подполковнигі Ұлан Зейнуллаевич,
ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Меңдібаев Бақдәулет қатысты.Бұл шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталды.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/reel/DOLTOgJCNm5/?igsh=N3c2azB2NHYzdng=
05.09.2025 ж.Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледіжінің білім алушы жастары “Таза Қазақстан” акциясы аясында ерікті жастар Түркістан көшесіндегі көпқабатты үйлердің аулаларын тазалап, қоршаған ортаның тазалығына үлес қосты.
Игі іске 30-ға жуық белсенді жас қатысып, қоқыс жинау, бұтақтарды реттеу секілді жұмыстар атқарды.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/reel/DONsUy9jLki/?igsh=d3Z3YzZobDU3OXZh
05.09.2024 жылы «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі» студенттері Тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шара аясында мерекелік құттықтау видеороликін дайындап, колледжішілік және әлеуметтік желілерде жариялады.
Видеороликте студенттер тілдердің маңыздылығы, мәдениет пен ұлттық бірегейлікті сақтау, сондай-ақ көптілділік құндылықтарын насихаттау тақырыбында өз құттықтауларын жеткізді. Іс-шараға колледж оқытушы құрамы және студенттердің өздері толық қатысты.
Бұл іс-шара студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, патриоттық сезімін қалыптастыруға және тілдерді құрметтеуге бағытталған.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.facebook.com/share/v/14S4xPhB82N/?mibextid=wwXIfr
06.09.2025 ж. «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі» студенттері «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қатысып, қала аумағы мен оның қоршаған ортасын тазалау жұмыстарын орындады.Акция барысында студенттер табиғатты қорғау, қоқыстарды жинау, қоршаған ортаны ұқыпты ұстау және экологиялық мәдениетті насихаттау бойынша тапсырмаларды орындады. Іс-шараға колледж оқытушы құрамы және студенттер толық қатысты. Бұл іс-шара студенттердің экологиялық сана-сезімін қалыптастыруға, әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға және азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/p/DOQCj4LDN96/?img_index=3&igsh=aDFqcXV6NHRnZjRh
https://www.facebook.com/share/v/1DRNofHSyJ/?mibextid=wwXIfr
12.09.2025 ж. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде отбасы құндылықтары аясында тағылымды кездесу өтті.
Шараға арнайы қонақтар қатысты:
▫️ Байқонысов Ербол Рәбілұлы – «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары;
▫️ Жандосова Баян Айтбекқызы – ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі кеңес мүшесі, «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы;
▫️ Утесинова Жанна Бисенқызы – Психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары;
▫️ Құдайбергенова Ақмарал Асанқызы – Шымкент қалалық Абай атындағы көпшіліктендірілген кітапхананың 11-филиалының меңгерушісі;
▫️ Спанова Жаңыл Қаныбекқызы – Шымкент қаласы полиция департаменті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы.
Шараға арнайы шақырылған қонақтармен қатар колледж директоры Арынбекова Ажар Сериковна мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елтаев Данияр сөз сөйлеп, тағылымды пікірлерімен кездесудің мазмұнын байыта түсті. Отбасының қоғамдағы рөлі, ұлттық тәрбиенің маңызы, ата-ананы ардақтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптарында мазмұнды ойларын ортаға салып, жастарға құнды ақыл-кеңестерімен бөлісті. Утесинова Жанна сенімді нығайтатын ойындар ұйымдастырып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Кештің сәнін ОҚ ГЭК-тің белсенді студенттері кіргізіп, жүректерге әсер еткен өнерлерін ұсынды. Көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, үздік деп танылған «Соқыр ана» қойылымы сахналанды. Сонымен қатар Нұрислам, Дана, Айдана орындаған әсерлі өлең жолдары шараға ерекше рухани мән берді.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/reel/DOgADIEguO7/?igsh=MWNmOXQxd3h1ZW4wcA==
20.09.2025 ж. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері жалпықалалық сенбілікке белсене қатысып, қаламыздың көркеюіне өз үлестерін қосты.
Жастардың бұл бастамаға белсенді қатысуы – экологиялық мәдениетті қалыптастырудың, сондай-ақ азаматтық жауапкершілікті арттырудың айқын көрінісі. Сенбілік барысында студенттер қоғамдық орындарды тазалап, қоршаған ортаға жанашырлық танытты.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/reel/DO0buAxiHq5/?igsh=N3FjOTJ5Z3Fnbnht
30.09.2025 ж. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Бахтыяр Самал, сондай-ақ Шымкент ҚПД Тұран АПБ-ның ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Мендибаев Бекдәулет қатысты. Жиын барысында жастарға заңды сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және тәртіптің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/reel/DPOfxWRDG01/?igsh=MTF1YThhaGtwMTU5bw==
03.10.2025 ж. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ОҚ ГЭК белсенділері Шымқала жастары бірігіп, ардагердің үйі мен ауласын тазалап, көмек қолын созды.
Бұл игі іс – жастардың ауызбіршілігі мен үлкенге деген құрметінің жарқын көрінісі. Ардагерлеріміздің еңбегін бағалау, оларға қамқорлық көрсету – бәріміздің ортақ парызымыз.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/reel/DPVs3EpCAWw/?igsh=MXRtYWV3NTFxc2k5Zg==
07.10.2025 ж. Қазан айының екінші жексенбісі – Мүгедектігі бар азаматтар күні. Осы атаулы күн аясында Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы және Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің белсенді жастары бірлесе отырып, игі іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында колледж жастары ән мен биден шашу шашып, көрермендердің жүзін күлкіге, жүрегін қуанышқа бөледі.
Бұл күн – ерекше жандарға деген құрмет пен қамқорлықтың, адамгершілік пен ізгіліктің көрінісі болды.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/reel/DPgGIcVCMvB/?igsh=MTdsODJ1NDQ1MThvaQ==
09.10.2025 ж. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің жастары “Capable Group” жөргектер шығаратын фабрикасына танымдық экскурсияға барды.
Экскурсия барысында жастар отандық өнімдердің өндіріс процесімен, заманауи технологиялармен және өндіріс мәдениетімен жақынырақ танысты. Сондай-ақ, фабрика өкілдері студенттерге өнім сапасын бақылау, экологиялық тазалық және өндірістің экономикалық маңызы туралы толық ақпарат берді.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/reel/DPk6WkijM9m/?igsh=MTI2YzJ1YTJ5ZDU4ZA==