МАҚСАТЫ:
-Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру,
-Тәуелсіздікке жету жолындағы қазақ елінің тарихын түсіндіру, оқушыларды отаншылдық рухта тәрбиелеу болып табылады.
Мерекелік іс-шараға Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің құрылтайшылары Арынбеков Мұрат Тұрғанбекұлы және колледжіміздің ұстаздары, білім алушылары Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әйелдер кеңестерінің төрайымы Баян Жандосова қатысты.
Іс-шара аясында оқушылар ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белесі – Тәуелсіздік туралы көптеген мәліметтер алып, таным көкжиегін кеңейтті.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/p/DDcRax_twG0/?igsh=MWxubHY5M2ZxcXBnZw==
06.12.2024 жылы Көкбұлаққа жаңадан мәдениет үйі салынып, ел қуанышына құтты болсын айтып Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі студенттері және ДТІЖО Елтаев Данияр Қуанышбекұлы барып, ізгі жүрек жарды тілектерімен әуезді әндерімен қуантты. Мәдениет үйінің директоры болып белгілі айтыскер ақын, Мәдениет саласының үздігі, Қосжан Мүсірепов атындағы әдебиет және өнер бірлестігінің мүшесі Кәрима Оралова тағайындалған.. Мәдениет үйіндегі іс-шара мерекелік салтанатқа айналды.
Альзах Айдана “Әдемі-ай”, Нұрлыбек Дана,Али Ұлзада “Қуантқым келеді” әнімен Пернебекова Дария, Аманбек Аида, Балтабай Балнұр мәнерлеп жыр шумақтарын оқып жиналған қауымға тарту етті.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DDPRBhXIuTl/?igsh=emUyN2hteDkwMWQx
04.12.2024 жылы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департментінің ұйымдастырумен 5 желтоқсан еріктілер күніне орай “Еріктілер арасында квест” ойындары өтті.
Мақсаты:волонтерлық ұйымдар арасында тәжірибе алмасу және байланыстар орнату.
Ойын ІІІ кезеңнен өтті:
Ікезең:Жауыншерлік киім кию;
ІІкезең:Алғашқы медициналық көмек;
ІІІкезең: Жауынгерлік қанат жаю түрлері болды.
Квест ойынына 6 команда қатысып шара соңында алғыс хаттармен марапатталды.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/p/DDJ_bsFoXL6/?igsh=MXI2c3ZzdDMwZXVqdw==
25.11.2024 жылы Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, 25 қараша-10 желтоқсан Зорлық Зомбылыққа қарсы күрестің халықаралық 16 күндік акциясына орай, «Зорлық – Зомбылықсыз отбасым!» атты тақырыбында іс-шара өткізіліп, Оңтүстік-Қазақстан гуманитарлық-экономика колледж студенттерінің көркемдеуімен «Тұрмыстық Зорлық-Зомбылыққа қарсымыз!» атты арнайы қойылым қойылды.
Аталған іс-шараға «Қазақстан Әйелдерінің Республикалық Кеңесі» Қоғамдық Бірлестігінің Филиалы, Шымкент Қалалық Әйелдер Кеңесінің Төрайымы Жандосова Баян Айтбековна
Сыбайлас жемқорлыққа күрес агенттігінің мүшесі Асан Жазира Тлеубергенқызы
ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Абдезов Нұржан Әлібекұлы
№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының орынбасары Муталиева Галия Сапаралиевна спикер ретінде шақырылды
Сондай-ақ, студенттер тарапынан тақырыпқа сай спикерлерге бірнеше сұрақтар қойылып, өз деңгейінде жауаптар алды
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/p/DCy7XJ_Nxo1/?igsh=MWppb3pqeHFvc25pMw==
20.11.2024 жылы “Қызға қырық үйден қамқорлық” тақырыбында кездесу өткізілді.
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің білім алушылар қыздар және қыздар ұйымы жетекшісі Найзабекова Самал ұстазымыз “Қызға қырық үйден қамқорлық” тақырыбында кездесуде болды.Мақсаты: Қыз балаларды сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу, білімді, жан-жақты болуға үйрету, бойларыңда қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларынды білу, ой бөлісу, қызығушылықтарынды арттыру.Жасөспірім қыздың бойында пайда болатын физиологиялық өзгерістер төңірегінде әңгіме жүргiзiлiп, қыз бала гигиенасы қандай болу керектігi жөнінде және қыздарға деген қамқорлық туралы кең мағлұмат берiлдi.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DCl3xK2IlFw/?igsh=MXg4bG5qZTRuc3ZkZg==
19.11.2024 жылы "Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі " ЖШС АКТ залында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д. Қ. Елтаев келген арнайы қонақтарды таныстырып "Жезөкшелікпен айналысуға немесе өзге де сексуалдық сипаттағы қызмет көрсетуге тартудың қылмыстық жауаптылығы, сондай-ақ осы қылмыстың құрбаны болмаудың жолдары және оның денсаулыққа қаупін түсіндіруге бағытталған" тақырыбында тәрбиелік іс шарасы өткізілді. Іс шараға арнайы «ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» МКҚК-ның Дәрігер-эпидемиолог маманы Гулиев Азизхан Қазақбаевич , Шымкент ҚПД Тұран АПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция лейтенанты Бектас Нұрсұлтан Пазылбекұлы мамандар келіп баяндама оқыды. Іс шараға 2-3 курс студенттері қатысты.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DCiayG9IbnA/?igsh=bWgxeDJvaWh0d25s
14.11.2024 жылы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжімізде “17-қараша Халықаралық студенттер күні” Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық -экономикалық колледжінде бірінші курс білімгерлерін «Студенттер қатарына қабылдау» салтанатты кеші өтті. Жиынға колледж директоры Арынбекова Ажар Сериковна, директордың тәрбие- ісі жөніндегі орынбасары Елтаев Данияр Қуанышбекұлы және оқытушылар құрамы мен белсенді студенттер қатысты.
Салтанатты жиынды колледж директоры Арынбекова Ажар Сериковна құттықтау сөзімен ашып берді.Биылғы оқу жылындағы студенттер алдыңғы жылдардағы жастармен салыстырғанда өте белсенді. Бұл пікірді оқытушылар үнемі айтады. Дәл қазіргі салтанатты кеште бұл сөздің растығына куә болдым. Құрметті студенттер, барлықтарыңызды осы қуанышты күнмен құттықтаймын. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер тек жастардың мүддесі үшін жасалуда,-деді Е.Д.Қуанышбекұлы.
Дәстүрлі түрде табысталатын «Білім кілті» мен «Студенттік билетті» Усенов Дидар студенттік өзін-өзі басқару ұйымының президенті және Ерниязқызы Жанель оқу-ағарту министрі табыстады.Жаңа оқу жылының өзгерістеріне үйренген бірінші курс студенттері алаңсыз салтанатты кеште көңіл көтерді. Айта кету керек, «Students party» cалтанатты жиынына көптеген студент қатысты.Бұл бастаманың еркін әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын жастардың қуанышынан көруге болады.Кешегі оқушы – бүгінгі студент.Биылғы салтанатты рәсім форматы дәстүрлі кілт табыстаумен қатар өзгеше, креативті шоуларды жүзеге асырумен ерекшеленді. Студенттер арасында сыйлықтар ойнатылып, сыйға тарту етілді.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DCd0MWCtnUm/?igsh=d2E4Y3pqMGp5cTc1
11.11.2024 жылы«Ізгілікте Жарысайық» қайырымдылық қоры мен @okgek_1995 колледжінің @nyet_volunteers ұйымы бірігіп, ерекше қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты – қоғамдағы мұқтаж аналарға қолдау көрсету.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DCPEPDetXoN/?igsh=dHRzMHJmOXR5OGVn
31.10.2024 жылы “№ 10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы” КММ Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің белсенді студенттері “Жақсы адамдарым” тақырыбында мерекелік іс-шарада өз өнерлерін көрсетті!
Ардагерлер іс-шарада студенттермер бірге ән шырқап, би билеп көңілдерін бір серпілтіп алды және ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DBy6v9FILvl/?igsh=Mnp4NHo3Y2ljOGVu
24.10.2024 жылы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің білім алушы жастарына буллинг туралы, өорлық зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Кеңес Сержан Абзалұлы, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің инспекторы Палхожаева Гулмира,Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Ермаханова Перизат Умирзаковна, нашақорлықтың жастар арасындағы нашақорлықтың, зорлық –зомбылықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелер айтылды. Қазақстан жастарының өмір сүру салты, еліміздің нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштерін айтып өтті.
Білім алушыларға есірткі, ішімдік, темекінің зиянын түсіндіру, олардың болашақ өмірлеріне тигізетін зардабын ұғындыру, сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден аулақ болуға, өздерін және өзгелерді қорғауға тәрбиелеу мақсат етіп алынды.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/p/DBgyOM_oli8/?igsh=bDJ2ZjA5NDcxM3hp
23.10.2024 жылы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің жастары және қала жастарының қатысуымен республика күніне орай «Тарих тағылымынан тұғырлы тәуелсіздікке» атты жастар шеруі өткізілді.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/p/DBePHV-N7rr/?igsh=NmNvdGc5ajl1b3J1
23.10.2024 жылы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде кибербуллинг құрбаны тақырыбы аясында буллинг жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/p/DBdoe49oznd/?img_index=4&igsh=MWczanM0Mm15OGsxeA==
20.10.2024 жылы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде Лудомания – қоғам дерті тақырыбында білім алушы жастармен лудоманияның зияндылығын насихаттау мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DBWVOhftEmx/?igsh=cTlzb3B4Z3dpMzV6
11.10.2024 жылы «Алтыным! Өмірді сүй! Өзіңе сен!» атты тақырыптағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің құрылтайшылары Арынбеков Мұрат Тұрғанбекұлы, Төребек Ерлан Жандарбекұлы және колледж директоры Арынбекова Ажар Серікқызының ұйымдастыруымен, Жастар орталығының қолдауымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің бірінші шақырылымының депутаты, тұңғыш қазақ тілінде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы, мемлекет және қоғам қайраткері, сазгер, ақын, журналист, сатирик ретінде республикаға танымал, қаламы қарымды қаламгер Әкім Ысқақ Әбдіқайымұлының Шымкент қаласының жастарымен кездесу өткізді.
Жиынның басты мақсаты - бүгінгі жастарды жақсылыққа, отансүйгіштікке, адамгершілікке, руханиятқа, кітап оқуға баулу, Әкім ағамыздың шығармашылығымен жақын таныстырып, рухани азық беру, белсенді жастарды қолдау.
Жалпы іс-шара барысында l-бөлім: Әкім Ысқақ ағамыздың әндері, қара сөздері, өлеңдері бойынша колледжіміздің белсенді студенттері: Балтабай Балнұр, Амантай Санжар, Тағай Қалдыбек, Әбдіқадыр Меруерт, Асқарова Фатима, Альзах Айдана, Пернебекова Дария, Байзақ Балғын, Абдрахман Ерасыл, Аманкул Әсемай, Жандарбек Пердана, Аманбек Аида, Керимбекова Гүльназ мәнерлеп оқып, оқырман ретінде ықыластарын, шынайы ілтипатын білдірсе, халықаралық, республикалық ақындар айтысының жеңімпазы Кәрима Оралова жырдан шашу шашып, қайраткер жазушыға арнау арнады. Белгілі әнші Мамадияр Тәукеев автордың танымал "Көңіл қымбат" әнін тарту етті. Студенттер ақын ағамыздың “Соңғы вальс” әніне вальс биін және «Қуантқым келеді» әнін Нұрлыбек Дана, Лесхан Ақерке орындап, барша көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді.
ll-бөлім “Сұрақ-жауап” негізінде модератор колледжіміздің директоры Арынбекова Ажар Серікқызы жүргізді. Қайраткер тұңғыш қазақ тіліндегі заңның қабылдануы туралы, бүгінгі жастар болмысына мәнді мысалдар келтіріп, мотивациялық сөздерінен үзінді оқыды. Студенттер өнегелі өмір жолы, қайраткерлік болмысы, мемлекеттік тілге, ұлтжандылыққа, өмір сырына қатысты сұрақтарын қойып, тиісті жауап ала білді!
Көпшіліктің көңілінен шыққан бұл бас қосуға жазушының Түркістан, Жамбыл облысындағы оқырмандары арнайы қатысты.
Жастарға мотивация беретін "Алтыным-2" кітабының таныстырылымы өтіп, оқырмандарға қолтаңба берілді.
Жиынға қатысушы мемлекет қайраткері Досыбай Шерімқұлов, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Талғат Балтабаев, режиссер Клара Оразәлиева кештің мазмұнды өткенін атап өтіп, жиынды ұйымдастырушыларға алғыс сезімін білдірді.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DA_P1_fNI8b/?igsh=MWUxdnJ6NXYxbXdyMQ==
08.10.2024 жылы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Бала құқығы – басты құндылық» айлық іс шарасы өткізілді.Колледж директоры Арынбекова А.С. және ДТІЖО Елтаев Д.Қ. мен колледжіміздің инспекторы Бектас Нұрсұлтан Пазылбекұлы студенттерге кәмелетке толмағандардың араындағы зорлы зомбылық, есірткі нашақорлық қылмыстардың профилактикасын жүргізді.Профилактикалық рейд «Суық қаруға жол жоқ!» петициясы жүргізілді.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DA2sgQGOq0V/?igsh=bW04M3NxNnViYmp1
04.10.2024 ж. Жастар ресурстық орталығы және Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Ұстаздар күніне» орай мерекелік концерттік кеш өтті. Іс-шараның басты мақсаты – білім беру саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға құрмет көрсету және олардың қоғамдағы маңызды рөлін атап өту.
Концерттік кеш барысында колледж студенттері мен жас өнерпаздар түрлі әндер шырқап, би билеп, ұстаздарға арнап өлеңдер оқыды. Ұстаздар қауымына алғыс сөздері айтылып, оларға ерекше ықыласпен дайындалған сыйлықтар табысталды. Кеш соңында ұстаздар арнайы алғыс хатпен марапатталып, еңбегіне деген шынайы құрметті көрсетілді.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/reel/DAsyj5WtvsM/?igsh=MjVmN21vaGJxYW9x
https://www.instagram.com/reel/DAsTMG-ti3-/?igsh=bWQyN3VhZDRyNXkz
https://www.instagram.com/reel/DAwOUg2uzhp/?igsh=NGJmdGN1aHhneGc0
https://www.instagram.com/reel/DAyAM-HoORR/?igsh=MXA4ZGE0OGlnOHdzNA==
03.10.2024 ж. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім департаменті «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сәйкес «Ұстаздар күні» мерекесіне орай өскелең ұрпақтың ұстаздарға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Даналық - ұстаздан» республикалық акциясына Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің білім алушылары қатысып, бір мезгілде «Ұстазым» әнін орындады.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DAp1b56oici/?igsh=MWRiazEzOHJvMDY1dg==
25.09.2024 ж.Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі білім алушы жастары Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Салауатты ұрпақ -ел болашағы» тақырыбында кездесуде болды.Іс шараға самбодан үш дүркін әлем кубогының иегері Оспанов Арман Арипханұлы, ордабасы футбол клубының қақпашысы Бекхан Шайзада, футболдан Қазақстан Премьер Лигасының 2023 ж. Чемпионы Вселовод Садовский жетістіктері мен дене жаттығулары және қоғамдағы басты індет нашақорлық жайында ойларымен бөлісті.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/p/DAV2VWRtiog/?igsh=MTFzbGJ2MG40ZDU0YQ==
23.09.2024 ж. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде студенnnік өзін-өзі басқару ұйымы бойынша парламенттік сайлауы өткізілді. Студенттік парламент — студенттік өзін-өзі басқарудың бірыңғай органы ретінде студенттік тіршілік әрекетінің маңызды мәселелерін шешуге, студенттік жастардың пайдалы бастамаларын қолдауға және әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған студенттердің ынталы дербес қоғамдық қызметінің формасы.
Студенттік Парламент жұмысының мақсаттары мен міндеттері:
- жастар саясатын жүзеге асыру және оны толық іске асыру жөніндегі шараларды әзірлеу;
- студенттердің институттың профессорлар-оқытушылар құрамымен және әкімшілігімен кері байланыс орнатуы;
- институт студенттерінің корпоративтік мәдениетін қалыптастыру;
- жастардың қоғамдық маңызды бастамаларын жүзеге асыруға ықпал жасау;
- студенттердің мәдени демалысын ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, жастар білім беру форумдарына, конкурстарға, әлеуметтік мәні бар жобаларға, түрлі студенттік бірлестіктерге тікелей қатысу;
- жастар мәселелерін уақытында шешу үшін жастар саясатын жүзеге асыру бойынша институттың қоғамдық ұйымдарының қызметін үйлестіру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және академиялық адалдық принциптерін жүзеге асыру бойынша іс-шараларды жүргізу.
21.09.2024 ж.Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі білім алушы жастары жалпықалалық сенбілікке қатысты. Сенбіліктің басты мақсаты-туған жерді аздырмай, қолдан келгенше көркейтіп көгалдандыру. Қаланың тазалығын сақтап, экологиялық мәдениетті насихаттау.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DALmTU3IZ00/?igsh=MWhtOGFvcjM4cmE2Zw==
20.09.2024 ж.Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Қарттары бар елдің қазынасы бар» атты әлеуметтік жобасы аясында ардагерлермен кездесу жиыны ұйымдастырылды. Кездесу жиынның ашылу сәті колледж директоры Арынбекова Ажар Сериковна және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елтаев Данияр Қуанышбекұлы ашып, танымдық танысу бөлімін өткізді. Рухани танымдық бөлім бойынша:
«Аға буын өкілдерінің айтары бар» атты жастар тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды дәріптеу және насихаттау бөлімі Ұлы дала ілімі – ұлттық тәрбиенің қайнар көзі Республикалық Ұлттық құндылықтар Академиясы ҚБ Шымкент филиалының басшысы - Коздибаева Абила және Тәлімі мол тарихи тағылымдар Шымкент қаласының Құрметті азаматы, ардагер ұстаз-Жандосова Баян Айтбекқызы “Бабалар аманаты және ұрпақ тәрбиесі” Білім салалық Ардагерлер бірлестігі төрағасының орынбасары, ардагер ұстаз- Ахметбаев Аманбек,«Әкелер мектебі - тәрбие ордасы», Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы – Алтыбаева Гүлжамал қазіргі таңдағы нарықтық қатынастарға көшу, саясаттағы жариялылық, азаматтық қоғам орнату талаптары тұрғысынан қарап, өзгермелі қоғамда көп мәдениетті, көпұлтты кеңістікке араласуға дайын, кез келген жағдаятта өз орнын таба білетін, рухани құндылықтары жетілген қабілетті тұлғаның дамуына бағытталған тәрбие мазмұнын қамтамасыз ету өзекті мәселелер зорлық-зомбылық, әкелер тәрбиесі, ата-ана қадірі туралы, қарттардың өнеге тәлім-тәрбиесі туралы Ұлттық тәрбие арқылы жастарды тәрбиелеу мәселесі күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің екендігі жайынды жиында негізгі мәселе ретінде айтып өтті.
Кездесу соңында білім алушылар өткір сұрақтар қойып, өз жауаптарын ала білді.
Қорыта айтқанда, қазіргі заманда бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін, алдымен, өзіміздің ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрді, мәдениетімізді сақтай отырып, келешек ұрпақты сол арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеуіміз керек. Салауатты да саналы ұрпақ қамын ойлар болсақ, сол қоғам иелерін жан-жақты, ақыл парасаты мол, ізетті, кішіпейіл, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу – ұстаздың, әрбір ата-ананың қоғам алдындағы борышы деп білеміз.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/p/DAJa_u8twEW/?igsh=ZzFxcng3cGI5cTEy
20.09.2024 ж.Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі білім алушы жастары «Білімді жастар ел болашағы» атты тақырыптағы жайдарманшы,актерлармен кездесуде болды. Кездесу барысында жастар белсенділік танытып өз сауалдарын жолдай білді. Колледжімздегі квн командасының ықпалдастығын арттыра білді.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/p/DAJFRGMt3o5/?igsh=ano5czloMXkwMjVv
15.09.2024 ж.Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледіжінде «Тіл-татулық тірегі » атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Мақсаты: тілдік мәдениетті қалыптастыру, халықаралық ынтымақ, бірлікке, халықтың құндылық, толеранттық дүниетанымын, мәдени мұраларын қадірлеуге тәрбиелеу, Қазақстанда тұратын басқа халық өкілдеріне, олардың салт-дәстүрлеріне құрмет сезімін тудыру, студенттерді мемлекеттік тілді білуге және шет тілдерін игеруге баулу.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/C_8aC2dNTom/?igsh=MXNweTVpOGFvYzdibw==