Наурыз - дәстур мен жаңғыру мерекесі!
Бүгін Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде Наурыз мейрамына орай "Ұйқыашар мен Селт еткізер" дәстүрін сахналық қойылым арқылы көрсеттік. Бұл - халқымыздың ерекше салт-дәстүрлерінің бірі, онда қыздар жігіттерге дастархан жайып, ал жігіттер оларға сыйлық ұсынып, кұрмет көрсетеді.
Наурыз - жақсылық пен мейірімнің, бірліктің символы. Осындай ұлттық дәстүрлерімізді жаңғыртып, жастар арасында насихаттау - біз үшін
үлкен мәртебе.

Оңтүстік Казакстан гуманитарлык-экономикалық колледжінің мерекелік қойылымынан үзінді