Жахангер Айаулым Мұратқызы
Мәдени іс-шараларды ұйымдастырушы
Білім күні : 1-қыркүйек Білім күніне арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие тақырыбы аясында "Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі" ғимаратында арнайы салтанатты мерекелік іс- шара аталып өтілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен ашылды. Іс шара барысында колледж тарихы таныстырылды. Жаңа білім алушы талапкерлерді колледж директоры Арынбекова Ажар Серікқызы, Білім күні және Ата Заңымыз Конституция күні мерекесімен құттықтап,білім алушылардың оқуларына сәттілік тіледі. Ата- аналарда барша студенттерді білім күнімен құттықтады.
Оқытушы құрамы, 1 курс студенттері толық қатысты. Ішкі тәртіп ережелерімен, студенттердің құқықтарымен және міндеттерімен, оқу-тәрбие үрдісімені, университет құрылымымен таныстырылды. Білімді жастар еліміздің болашағы екеніне баса назар аударып, барша студенттерге сәттілік тіледі. Мерекелік іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/C_YG2eNtfVM/?igsh=MTVqZDQ4eHJyMmJhag==
04.09.2024 ж. Білім алушыларға адалдық, парасаттылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру , насихаттау мақсатында «Әділетті Қазақстан –адал азамат –озық ойлы ұлт» тақырыбында ДТІЖО Елтаев Данияр Қуанышбекұлы, Шымкент қалалық адвокаттар алқасының алвокаты Бейдалиева Лаура Болатовна , Шымкент қаласының Әділет департаменті бас маманы Бақтияр Самал, Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімі аппаратының бас маманы Сахов Мадияр адалдық сағатын өткізді.Мақсаты: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу,болдырмау. Білім алушыларымызға адалдық туралы, патриоттық, Отансүйгіштікке баулу, үлкенге құрмет және кішіге ізет көрсетіп, тәртіпті, тәрбиелі болуға шақыру,
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/C_fvuHNtq24/?igsh=MTE0bjNzN3R4cThkbw==
08.09.2024 ж.Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледіжінің білім алушы жастары Отбасы күніне орай «Отбасы құндылығы-ұлттық тәрбие негізі» тақырыбында А.С.Пушкин атындағы кітапханада кездесуде болды.Бұл іс -шара қоғамдағы отбасы құндылықтарын дәріптеуді және жас ұрпаққа өнегелі тәлім тәрбие беруді мақсат етті.
Отбасы құндылықтары және отбасылық кеңестер жайында тың мағлұматтар ала білді.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/C_qDeXktiyH/?igsh=MTFxczVhcnRxdjR4eg==
11.09.2024 жылы «Заң сіз бен бізге ортақ»тақырыбында Шымкент қаласы полиция департаментімен Шымкент қала жастарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу лудомания ойынқұмарлық, есірткінің жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілді.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/C_ySVhUN63W/?igsh=MW1iNWJlejYzZGdsOQ==
15.09.2024 ж.Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледіжінде «Тіл-татулық тірегі » атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Мақсаты: тілдік мәдениетті қалыптастыру, халықаралық ынтымақ, бірлікке, халықтың құндылық, толеранттық дүниетанымын, мәдени мұраларын қадірлеуге тәрбиелеу, Қазақстанда тұратын басқа халық өкілдеріне, олардың салт-дәстүрлеріне құрмет сезімін тудыру, студенттерді мемлекеттік тілді білуге және шет тілдерін игеруге баулу.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/C_8aC2dNTom/?igsh=MXNweTVpOGFvYzdibw==
20.09.2024 ж.Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі білім алушы жастары «Білімді жастар ел болашағы» атты тақырыптағы жайдарманшы,актерлармен кездесуде болды. Кездесу барысында жастар белсенділік танытып өз сауалдарын жолдай білді. Колледжімздегі квн командасының ықпалдастығын арттыра білді.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/p/DAJFRGMt3o5/?igsh=ano5czloMXkwMjVv
20.09.2024 ж.Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Қарттары бар елдің қазынасы бар» атты әлеуметтік жобасы аясында ардагерлермен кездесу жиыны ұйымдастырылды. Кездесу жиынның ашылу сәті колледж директоры Арынбекова Ажар Сериковна және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елтаев Данияр Қуанышбекұлы ашып, танымдық танысу бөлімін өткізді. Рухани танымдық бөлім бойынша:
«Аға буын өкілдерінің айтары бар» атты жастар тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды дәріптеу және насихаттау бөлімі Ұлы дала ілімі – ұлттық тәрбиенің қайнар көзі Республикалық Ұлттық құндылықтар Академиясы ҚБ Шымкент филиалының басшысы - Коздибаева Абила және Тәлімі мол тарихи тағылымдар Шымкент қаласының Құрметті азаматы, ардагер ұстаз-Жандосова Баян Айтбекқызы “Бабалар аманаты және ұрпақ тәрбиесі” Білім салалық Ардагерлер бірлестігі төрағасының орынбасары, ардагер ұстаз- Ахметбаев Аманбек,«Әкелер мектебі - тәрбие ордасы», Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы – Алтыбаева Гүлжамал қазіргі таңдағы нарықтық қатынастарға көшу, саясаттағы жариялылық, азаматтық қоғам орнату талаптары тұрғысынан қарап, өзгермелі қоғамда көп мәдениетті, көпұлтты кеңістікке араласуға дайын, кез келген жағдаятта өз орнын таба білетін, рухани құндылықтары жетілген қабілетті тұлғаның дамуына бағытталған тәрбие мазмұнын қамтамасыз ету өзекті мәселелер зорлық-зомбылық, әкелер тәрбиесі, ата-ана қадірі туралы, қарттардың өнеге тәлім-тәрбиесі туралы Ұлттық тәрбие арқылы жастарды тәрбиелеу мәселесі күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің екендігі жайынды жиында негізгі мәселе ретінде айтып өтті.
Кездесу соңында білім алушылар өткір сұрақтар қойып, өз жауаптарын ала білді.
Қорыта айтқанда, қазіргі заманда бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін, алдымен, өзіміздің ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрді, мәдениетімізді сақтай отырып, келешек ұрпақты сол арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеуіміз керек. Салауатты да саналы ұрпақ қамын ойлар болсақ, сол қоғам иелерін жан-жақты, ақыл парасаты мол, ізетті, кішіпейіл, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу – ұстаздың, әрбір ата-ананың қоғам алдындағы борышы деп білеміз.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/p/DAJa_u8twEW/?igsh=ZzFxcng3cGI5cTEy