Шараға арнайы қонақтар қатысты:
▫️ Байқонысов Ербол Рәбілұлы – «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары;
▫️ Жандосова Баян Айтбекқызы – ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі кеңес мүшесі, «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы;
▫️ Утесинова Жанна Бисенқызы – Психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары;
▫️ Құдайбергенова Ақмарал Асанқызы – Шымкент қалалық Абай атындағы көпшіліктендірілген кітапхананың 11-филиалының меңгерушісі;
▫️ Спанова Жаңыл Қаныбекқызы – Шымкент қаласы полиция департаменті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы.
Шараға арнайы шақырылған қонақтармен қатар колледж директоры Арынбекова Ажар Сериковна мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елтаев Данияр сөз сөйлеп, тағылымды пікірлерімен кездесудің мазмұнын байыта түсті. Отбасының қоғамдағы рөлі, ұлттық тәрбиенің маңызы, ата-ананы ардақтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптарында мазмұнды ойларын ортаға салып, жастарға құнды ақыл-кеңестерімен бөлісті. Утесинова Жанна сенімді нығайтатын ойындар ұйымдастырып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Кештің сәнін ОҚ ГЭК-тің белсенді студенттері кіргізіп, жүректерге әсер еткен өнерлерін ұсынды. Көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, үздік деп танылған «Соқыр ана» қойылымы сахналанды. Сонымен қатар Нұрислам, Дана, Айдана орындаған әсерлі өлең жолдары шараға ерекше рухани мән берді.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/reel/DOgADIEguO7/?igsh=MWNmOXQxd3h1ZW4wcA==
07.10.2025 ж. Қазан айының екінші жексенбісі – Мүгедектігі бар азаматтар күні. Осы атаулы күн аясында Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы және Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің белсенді жастары бірлесе отырып, игі іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында колледж жастары ән мен биден шашу шашып, көрермендердің жүзін күлкіге, жүрегін қуанышқа бөледі.
Бұл күн – ерекше жандарға деген құрмет пен қамқорлықтың, адамгершілік пен ізгіліктің көрінісі болды.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/reel/DPgGIcVCMvB/?igsh=MTdsODJ1NDQ1MThvaQ==
16.10.2025 ж. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру мақсатында танымдық кездесу Жастар ресурстық орталығында ұйымдастырылды.
Шара барысында қатысушыларға құқықтық мәдениет, жеке құқықтар мен міндеттер, құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ тәртіптің қоғамдағы рөлі туралы мағлұмат берілді.
Кездесу жастардың белсенді қатысуымен мазмұнды әрі тиімді өтті.
🔹 Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың саналы, жауапты азамат болып қалыптасуына оң ықпал етеді.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/reel/DP35_CoiMsq/?igsh=MTh5aWsyZXh1NTFnNw==
20.10.2025 ж. 25 қазан – Республика күнін және Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның 35 жылдығын мерекелеу аясында «Ардагерлердің өмірі – жас ұрпаққа тағылым» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында жастар Мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Түркістан облысының құрметті азаматы Шалатай Мырзахметовпен кездесті.Кездесуде ардагер ел дамуындағы естеліктерімен бөлісіп, ұлттық құндылықтар, еңбекке баулу, білім мен тәрбие жөнінде өз ойларын айтты. Сондай-ақ, жастар өз сауалдарын қойып, домбырамен ән шырқап, кездесуге ерекше көңіл-күй сыйлады. Соңында құрметті қонаққа естелік сыйлық табыс етілді.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/reel/DQCG2ucjOjS/?igsh=MWNkbHhudXk4cjlmbA==
21.10.2025 ж. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп 25 қазан – Республика күнін және Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның 35 жылдығын мерекелеу аясында концерттік іс-шара өтті.
Шараға “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Жансерік Бауыржанұлы Жұман және колледж директоры Арынбекова Ажар Серікқызы қатысты.
Концерт барысында жастар патриоттық әндер шырқап, өлеңдер оқып, би билеп, көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/reel/DQE1k0HDNsc/?igsh=MW9vcGN1bmExZXg4Mg==
24.10.2025 жылы Республика күні - Қазақстанның егемендігі мен бірлігінің нышаны.
Бұл мереке - мемлекетіміздің тәуелсіздікке қадам басқан тарихи күніне деген құрметтің белгісі.Осы мереке қарсаңында Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің “Ниет” волонтёрлық ұйымы арнайы іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты - жастардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық рухты көтеру, мемлекеттік рәміздер мен құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру.Мереке барысында волонтёрлар командалық ойындар, викториналар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы өз елінің тарихы мен тәуелсіздік жолындағы маңызды сәттерді еске алды.Бұл кездесу - рух, бірлік пен патриотизмнің жарқын көрінісі болды.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/reel/DQOP0nZDJG5/?igsh=Yzg0OWZteTBqeGZq
25.10.2025 жылы Республика күніне арналған мерекелік шеру! 25 қазан – Республика күніне орай Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған салтанатты шеруге Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері белсене қатысты.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/p/DQO9dS7COC_/?img_index=2&igsh=MWdtbHh4YXkzdHF3Yg==
28.10.2025 жылы Абай атындағы орталық кітапханасында Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттерінің қатысумен «Қыран елім – Қазақстан» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Іс-шараның мақсаты - Ұлттық мереке 25 қазан - Республика күнінің маңыздылығын кеңінен насихаттау, жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге тәрбиелеу, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру болды.
Кешке құрметті қонақтар қатысты:
Шымкент гарнизоны Әскери полиция бөлімінің қызмет бастығы, подполковник Бөрібаев Абдумәлік Алдаоңғарұлы.
«AMANAT» партиясы Тұран аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Бертаев Есімхан Қалмаханұлы.
Дәстүрлі NOMADS идеологиялық ғылыми зерттеу институтының директоры, профессор Арман Мұрат Сүйіндікұлы.
Кездесу барысында жастар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.Шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен марапаттар табыс етілді.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/reel/DQWaiGUCHFK/?igsh=MzJyeHBtOTBuNG5q
18.11.2025 жылы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде 18-қараша – Студенттер күніне арналған мерекелік арнау кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Кештің шымылдығын Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің директоры Арынбекова Ажар Серікқызы ашып, студенттерге жүрекжарды лебізін білдірді. Сондай-ақ белсенді студенттер марапатталып, олардың еңбегі лайықты түрде бағаланды.
Мерекеге арнайы Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Жұман Жансерік Бауыржанұлы келіп, үздік студенттерге алғыс хаттар табыстады.
Кештің көңіл-күйін көтерген Gentlemen тобы керемет өнер көрсетсе, шоумен-тамада Бағжан әсерлі ойындар ойнап, қызықты сәттер сыйлады.
Студенттер арасында түрлі сыйлықтар ұтысқа қойылып, ерекше атмосфера қалыптасты.
Сонымен қатар, колледж құрылтайшылары атынан колледжіміздің 30 жылдығына орай 30 сыйлық дайындалып, жеңімпаз студенттерге табысталды.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.instagram.com/p/DRNSnnzDKSN/?igsh=YWp6aGI1dXJ5dGc2
Жұмысшы мамандықтар аясында астанаға барған студенттер