МАҚСАТЫ:
-Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру,
-Тәуелсіздікке жету жолындағы қазақ елінің тарихын түсіндіру, оқушыларды отаншылдық рухта тәрбиелеу болып табылады.
Мерекелік іс-шараға Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің құрылтайшылары Арынбеков Мұрат Тұрғанбекұлы және колледжіміздің ұстаздары, білім алушылары Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әйелдер кеңестерінің төрайымы Баян Жандосова қатысты.
Іс-шара аясында оқушылар ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белесі – Тәуелсіздік туралы көптеген мәліметтер алып, таным көкжиегін кеңейтті.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/p/DDcRax_twG0/?igsh=MWxubHY5M2ZxcXBnZw==
06.12.2024 жылы Көкбұлаққа жаңадан мәдениет үйі салынып, ел қуанышына құтты болсын айтып Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі студенттері және ДТІЖО Елтаев Данияр Қуанышбекұлы барып, ізгі жүрек жарды тілектерімен әуезді әндерімен қуантты. Мәдениет үйінің директоры болып белгілі айтыскер ақын, Мәдениет саласының үздігі, Қосжан Мүсірепов атындағы әдебиет және өнер бірлестігінің мүшесі Кәрима Оралова тағайындалған.. Мәдениет үйіндегі іс-шара мерекелік салтанатқа айналды.
Альзах Айдана “Әдемі-ай”, Нұрлыбек Дана,Али Ұлзада “Қуантқым келеді” әнімен Пернебекова Дария, Аманбек Аида, Балтабай Балнұр мәнерлеп жыр шумақтарын оқып жиналған қауымға тарту етті.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DDPRBhXIuTl/?igsh=emUyN2hteDkwMWQx
04.12.2024 жылы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департментінің ұйымдастырумен 5 желтоқсан еріктілер күніне орай “Еріктілер арасында квест” ойындары өтті.
Мақсаты:волонтерлық ұйымдар арасында тәжірибе алмасу және байланыстар орнату.
Ойын ІІІ кезеңнен өтті:
Ікезең:Жауыншерлік киім кию;
ІІкезең:Алғашқы медициналық көмек;
ІІІкезең: Жауынгерлік қанат жаю түрлері болды.
Квест ойынына 6 команда қатысып шара соңында алғыс хаттармен марапатталды.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/p/DDJ_bsFoXL6/?igsh=MXI2c3ZzdDMwZXVqdw==
25.11.2024 жылы Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, 25 қараша-10 желтоқсан Зорлық Зомбылыққа қарсы күрестің халықаралық 16 күндік акциясына орай, «Зорлық – Зомбылықсыз отбасым!» атты тақырыбында іс-шара өткізіліп, Оңтүстік-Қазақстан гуманитарлық-экономика колледж студенттерінің көркемдеуімен «Тұрмыстық Зорлық-Зомбылыққа қарсымыз!» атты арнайы қойылым қойылды.
Аталған іс-шараға «Қазақстан Әйелдерінің Республикалық Кеңесі» Қоғамдық Бірлестігінің Филиалы, Шымкент Қалалық Әйелдер Кеңесінің Төрайымы Жандосова Баян Айтбековна
Сыбайлас жемқорлыққа күрес агенттігінің мүшесі Асан Жазира Тлеубергенқызы
ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Абдезов Нұржан Әлібекұлы
№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының орынбасары Муталиева Галия Сапаралиевна спикер ретінде шақырылды
Сондай-ақ, студенттер тарапынан тақырыпқа сай спикерлерге бірнеше сұрақтар қойылып, өз деңгейінде жауаптар алды
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/p/DCy7XJ_Nxo1/?igsh=MWppb3pqeHFvc25pMw==
20.11.2024 жылы “Қызға қырық үйден қамқорлық” тақырыбында кездесу өткізілді.
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің білім алушылар қыздар және қыздар ұйымы жетекшісі Найзабекова Самал ұстазымыз “Қызға қырық үйден қамқорлық” тақырыбында кездесуде болды.Мақсаты: Қыз балаларды сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу, білімді, жан-жақты болуға үйрету, бойларыңда қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларынды білу, ой бөлісу, қызығушылықтарынды арттыру.Жасөспірім қыздың бойында пайда болатын физиологиялық өзгерістер төңірегінде әңгіме жүргiзiлiп, қыз бала гигиенасы қандай болу керектігi жөнінде және қыздарға деген қамқорлық туралы кең мағлұмат берiлдi.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DCl3xK2IlFw/?igsh=MXg4bG5qZTRuc3ZkZg==
19.11.2024 жылы "Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі " ЖШС АКТ залында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д. Қ. Елтаев келген арнайы қонақтарды таныстырып "Жезөкшелікпен айналысуға немесе өзге де сексуалдық сипаттағы қызмет көрсетуге тартудың қылмыстық жауаптылығы, сондай-ақ осы қылмыстың құрбаны болмаудың жолдары және оның денсаулыққа қаупін түсіндіруге бағытталған" тақырыбында тәрбиелік іс шарасы өткізілді. Іс шараға арнайы «ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» МКҚК-ның Дәрігер-эпидемиолог маманы Гулиев Азизхан Қазақбаевич , Шымкент ҚПД Тұран АПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция лейтенанты Бектас Нұрсұлтан Пазылбекұлы мамандар келіп баяндама оқыды. Іс шараға 2-3 курс студенттері қатысты.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DCiayG9IbnA/?igsh=bWgxeDJvaWh0d25s
14.11.2024 жылы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжімізде “17-қараша Халықаралық студенттер күні” Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық -экономикалық колледжінде бірінші курс білімгерлерін «Студенттер қатарына қабылдау» салтанатты кеші өтті. Жиынға колледж директоры Арынбекова Ажар Сериковна, директордың тәрбие- ісі жөніндегі орынбасары Елтаев Данияр Қуанышбекұлы және оқытушылар құрамы мен белсенді студенттер қатысты.
Салтанатты жиынды колледж директоры Арынбекова Ажар Сериковна құттықтау сөзімен ашып берді.Биылғы оқу жылындағы студенттер алдыңғы жылдардағы жастармен салыстырғанда өте белсенді. Бұл пікірді оқытушылар үнемі айтады. Дәл қазіргі салтанатты кеште бұл сөздің растығына куә болдым. Құрметті студенттер, барлықтарыңызды осы қуанышты күнмен құттықтаймын. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер тек жастардың мүддесі үшін жасалуда,-деді Е.Д.Қуанышбекұлы.
Дәстүрлі түрде табысталатын «Білім кілті» мен «Студенттік билетті» Усенов Дидар студенттік өзін-өзі басқару ұйымының президенті және Ерниязқызы Жанель оқу-ағарту министрі табыстады.Жаңа оқу жылының өзгерістеріне үйренген бірінші курс студенттері алаңсыз салтанатты кеште көңіл көтерді. Айта кету керек, «Students party» cалтанатты жиынына көптеген студент қатысты.Бұл бастаманың еркін әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын жастардың қуанышынан көруге болады.Кешегі оқушы – бүгінгі студент.Биылғы салтанатты рәсім форматы дәстүрлі кілт табыстаумен қатар өзгеше, креативті шоуларды жүзеге асырумен ерекшеленді. Студенттер арасында сыйлықтар ойнатылып, сыйға тарту етілді.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DCd0MWCtnUm/?igsh=d2E4Y3pqMGp5cTc1
11.11.2024 жылы«Ізгілікте Жарысайық» қайырымдылық қоры мен @okgek_1995 колледжінің @nyet_volunteers ұйымы бірігіп, ерекше қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты – қоғамдағы мұқтаж аналарға қолдау көрсету.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DCPEPDetXoN/?igsh=dHRzMHJmOXR5OGVn