Наурыз айының 10 күні Шымкент қаласы Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі КММ-нің №5 кітапхана бөлімшесінде «Бір-қала, бір кітап» акция аясында белгілі жазушы, Захардин Қыстаубайұлымен студенттер кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, бірнеше әдеби байқаулардың лауреаты Захардин Қыстаубайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ол кітаптардың арасында оқырманның ыстық ілтипатына бөленген «Жүректің сөзі», «Алтын күрек», «Сүйріктің махаббаты» секілді әңгімелер мен хикаяттар жинақтары да бар. Әсіресе, жазушының таяуда ғана жарық көріп, оқырмандарды өзінің тосын, шым-шытырық оқиғаларымен, терең мазмұнымен баурап алған «Тұман» атты романы бүгінгі кездесудегі сырлы сұхбаттың өзегіне айналды.
Кітапхананың жауапты қызметкерінің қысқаша таныстыруынан соң жасөспірімдер тарапынан жазушы Захардин Қыстаубайұлы шығармаларынан үзінділер оқылды, оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Әсіресе, жас оқырмандарды «Тұман» романындағы оқиға желісі, кейіпкерлердің іс-әрекеттері қатты қызықтырды.
Жазушы Захардин Қыстаубайұлы жасөспірімдерді толғандырған сауалдарға кең де тұшымды жауап беріп, оларды әрдайым кітаппен дос болуға, ұлттық құндылықтарды, әдебиет пен өнерді сүюге шақырды.
https://www.instagram.com/reel/DHI69s8t3av/?igsh=MWFqZGRiZmF4Z3E3



Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі ішінде құрылған Ниет волонтерлық ұйымының ұйымдастыруымен “Кітап LIKE” жобасы аясында
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні өткізілді.
Бұл жай ғана жиын емес, бұл – білімге, әдебиетке, шабыт пен шығармашылыққа бастар жол.
Кітап – адамзат ақыл-ойының асыл қазынасы. Бүгінгі фестивальде біз сол қазынаны бөлісіп, жаңа шығармалармен танысып, бір-бірімізбен пікір алмасып, әдебиеттің ғажайып әлеміне терең бойладық. Ашық микрофон арқылы оқырмандар жүрек түкпірінен шыққан әсерлерін жеткізді, поэзия мен авторлық шығармалар оқылды, ал кітап алмасу сәті – жаңа дүниелерге деген құштарлықты арттырды.
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні! Бұл күн – кітап оқуға деген сүйіспеншілікті арттырып, жақындарымызға рухани сыйлық жасауға тамаша мүмкіндік. Біздің колледжде бұл мереке ерекше атап өтілді. Студенттер өздеріне ұнаған кітаптарын бір-біріне сыйға тартып, оқуға кеңес беріп, білім мен достықты нығайтты. Кітап – бұл тек қағаз бен сия ғана емес, ол – уақыт пен ұрпақтарды жалғайтын көпір.
https://www.instagram.com/reel/DGEAJf_NdkD/?igsh=OWlsNTFzczFqZzRm



"Ұшқыр" педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Тәуелсіз елдің асқақ рухы» атты студенттер арасында IV республикалық эссе байқауына колледж білім алушылары - Айматай Ырысбек, Қуаныш Балауса, Қойлыбай Бақдаулет, Рахим Нұрқанат, Шыныбай Жұбаныш қатысып, жүлделі І дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жетекшілік жасағаным үшін «Мәртебелі маман» төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен, Диплом және Алғыс хатпен марапатталдым.



24 қазан күні Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханасында «25 қазан – Республика күні» мерекесі аясында «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан» атты іс-шарасы өтті.
Іс-шараға кітапхана меңгерушісі А.Д.Асанбаеваның жетекшілігімен
ББ-23-9К1 тобынан Ергеш Ақнұр, Сенхан Шұғыла
ББ-24-11К1 тобынан Пернебекова Дария, Аманбек Аида
БҚЕ-24-9К3тобынан Ескермес Али студентеріміз қатысыты.
Мақсаты: Ұлттық мереке 25-қазан Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру, жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.
https://www.instagram.com/p/DBgxdzXoCbT/?igsh=MTgzd2YycjBpbzJnNQ%3D%3D&img_index=4



16 қазақ күні Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде 11 қазан күні қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай БҚЕ-23-9К2 тобымен «Ұлылар ізімен» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты: Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, оның қазақ мәдениеті мен әдебиетіне қосқан үлесін түсіндіру, білім алушыларды патриотизмге тәрбиелеу. Топ тәлімгері: А.Д.Асанбаева
https://www.instagram.com/p/DBLNnUMN_10/?igsh=MXU4ZHRkNGl2ZDlwaQ%3D%3D&img_index=3




Қыркүйек айының 27-сі күні Қазақстанда жұмысшы мамандықтарды құрметтеу және еңбектің маңыздылығын жастайынан ұғындыру дәстүрлерін жаңғырту мақсатында Еңбек күнін атап өту дәстүрге айналып келеді. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі жастарының қатысуымен еліміздің тұрғын үй құрылысын дамытуға зор үлес қосып жүрген жеке кәсіпкер Бекмұхамбет Жолановпен «Өнегесі көп-еңбек жолы» атты кездесу өтті.
Іс-шараға 60-тан астам жастар қатысты. Жиында кәсіпкердің тәжірибесі мен жетістіктері туралы өнегелі әңгіме қозғалды.
Кездесу барысында Бекмұхамбет Жоланов тұрғын үй құрылысындағы жаңалықтар, инвестициялар және сапалы тұрғын үйдің маңызы жөнінде өз ойларын бөлісті. Оның еңбек жолы жастарға үлгі болып, еліміздің құрылыс саласына қосқан үлесі атап өтілді.
Іс-шара қатысушылары кәсіпкердің еңбек жолынан шабыт алып, сұрақтар қойып, пікір алмасты. Кездесу соңында қатысушылар Бекмұхамбет Жолановқа ризашылықтарын білдіріп, алдағы жұмыстарында табыс тіледі.
https://www.instagram.com/p/DAaswYStENl/?igsh=MThtcXpvcjFlZ2g1aA%3D%3D&img_index=4



10 қыркүйек күні «Тіл-татулық тірегі» атты тілдер апталығында кітапхана оқу залында кітапхана меңгерушісі Ақбота Асанбаева «Тіл – асыл қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырды. Көрмеге кітапхана қорындағы тілге қатысты әдебиеттер, мерзімді басылым беттерінде әр жылдарда жарық көрген мақалалар, дәйек сөздер қойылды. Оқырмандарға әдебиеттердің электронды нұсқаларының сілтемелері және QR коды ұсынылды.
Тіл – халықтың жан-дүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын танытатын басты күш. Қай уақытта да мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі екенін де ескерген жөн. «Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры-ел тағдыры»- тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалатынын ескере отырып, тіліміздің мәртебесін көтеріп, ана тілімізде сөйлеу бұл- бәріміз үшін үлкен жауапкершілік.
https://www.instagram.com/reel/C_u9_VmtiVE/?igsh=MTlnZTQ1cnJpa21ocA%3D%3D



4 қыркүйек күні Қазақстан халқының тілдер күніне орай «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» атты тақырыбында колледжіміздің тілдер бірлестігі дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру. https://www.instagram.com/reel/C_laL_zNh8R/?igsh=MW43djIyYXBmb3QzNA%3D%3D

Барлық – 11740бір. (1 студенке 19оқулық)
из них:
  • ЖББП, ЖКП, ҚГП б/ша оқулықтар –4505 бірлік.;
  • АП б/ша оқулықтар – 5115бір.;
  • Әдеби оқулықтар – 1508 бір.;
  • Электронды оқулықтар – 600 бір.;
Мерзімді басылымдарға жазылу –12 бір.