«Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі» жауапкершілігі шектелген серіктестігі – Оңтүстік өңіріндегі орта кәсіптік білім беретін танымал оқу орындарының бірі. Қазақ химия-технологиялық институты жанынан колледж ашу 25 сәуір 1995 жылы институт советінде қаралып №9 хаттамада колледж директорының міндетін атқарушы экономика кафедрасының аға оқытушысы Садыков Әріпхан Салыбаевич тағайындалды. Колледж жарғысы институт ректоры Т.Ш.Кальменовпен бекітілді. Қазақ химия-технологиялық институты жанынан №1-24 бұйрық 26 сәуір 1995 жылы «Инженерлік-экономикалық колледж» деген атпен Оңтүстік Қазақстан облысында ашылған тұңғыш жеке меншік орта кәсіптік оқу орны.
2015 жылдың 23 қазан айында колледж құрылтайшысы ауысуына байланысты колледж директоры экономика ғылымдарының докторы, профессор Мейрбеков Алтай Каныбекович 2015-2020 жылға дейін басқарып, «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі» жауапкершілігі шектелеген серіктестігі, білім беру саласындағы қызмет бойынша берілген лицензия №13016333 0000295 17.10.2013ж. бойынша жұмыс істеп келді.
2020 жылдың 17 шілдесінде құрылтайшылардың ауысуына байланысты Экономика ғылымдарының магистрі Арынбекова Ажар Сериковна колледж директоры қызметіне тағайындалды. Колледждің мақсаты техникалық және кәсіптік білім беруде Республика бойынша сұранысқа ие мамандар даярлау болып табылады.