Шалабаева Кульшара Абдуатовна
"Жалпы білім беретін пәндер" ПЦК төрағасы











«Жалпы білім беретін пәндер» ПЦК жұмысы 2024-2025 оқу жылына бекітілген жұмыс жоспары бойынша жүргізілді.
«Жалпы білім беретін пәндер» ПЦК-сы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пәндерді ескере отырып, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, жеке қабілеттерінің дамуына жәрдемдеседі және айқындайды. Оқытудың анағұрлым тиімді формаларын, әдістерін және құралдарын, жаңа педагогтік құралдарды қолданады. Білім алушылардың сапалы білім, білік пен дағды алуларын қамтамасыз етеді. Оқу процесінің жоспары мен кестесіне сәйкес оқыту бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады.
«Жалпы білім беретін пәндер» ПЦК құрамында жалпы саны 20 оқытушы жұмыс жасайды. Олардың қатарында аға оқытушылар мен магистрлер бар. Әрбір оқытушыға оқу жылының басында педагогикалық жүктемелері бөлініп, тиісті пәндері бекітіліп берілген. Сәйкесінше олар дербес жоспар толтырып, сол жоспардың негізінде жұмыс атқарып келеді.
2024-2025 оқу жылында ПЦК-ның негізгі жұмысы студенттерге теориялық және практикалық тұрғыдан сапалы білім беруге бағытталды.
ПЦК жұмысын талқылау және сәйкесінше шешімдер қабылдау үшін пцк-ға қарасты барлық оқытушылардың қатысуымен айына бір рет кезекті мәжіліс өткізіліп, тиісінше хаттама толтырылады.

  1. Оқу жұмыстары мен сағаттардың орындалуы

«Жалпы білім беретін пәндер» ПЦК бойынша 2024-2025 оқу жылында жалпы 19050 сағат жоспарланған. Оның ішінде 1-жарты жылдықта 9582 сағат, 2-жарты жылдықта 9468 сағат. ПЦК оқытушылары дербес жүктемелеріндегі оқу жылына жоспарланған барлық сағаттарды толығымен орындады. Айырмашылық сағат немесе артығымен орындалған сағаттар орын алған жоқ (кесте 1.1).

Кесте 1.1 Педагогикалық жүктеменің орындалуы

Р

Оқытушының аты-жөні

Педагогикалық жүктеме

Айырмашылық сағат
Педагогикалық жүктеме
Айырмашылық сағат
1-жарты жылдықта жоспараланған сағат саны
Орындалған сағат саны
2-жарты жылдықта жоспараланған сағат саны
Орындалған сағат саны
  1. 1
Ұ.Н.Қалыбай
396
396
-
216
216
-
  1. 2
К.А.Шалабаева
810
810
-
348
348
-
  1. 3
Б.Ж.Бегалиева
540
540
-
300
300
-
  1. 4
Д.Қ.Елтаев
216
216
-
326
326
-
  1. 5
Г.Р.Мынбаева
720
720
-
504
504
-
  1. 6
Л.Ұ.Ерназарова
390
390
-
762
762
-
  1. 7
С.С.Найзабекова
396
396
-
756
756
-
  1. 8
Г.Ә.Сарсенбай
498
498
-
414
414
-
  1. 9
Ж.Н.Әміртаева
672
672
-
480
480
-
  1. 10
Б.Е.Ильясов
588
588
-
568
568
-
  1. 11
Н.Р.Бекбенов
720
720
-
480
480
-
  1. 12
И.С.Илебаева
552
552
-
576
576
-
  1. 13
А.М.Балғабекова
864
864
-
246
246
-
  1. 14
Г.А.Бекбулатова
252
252
-
324
324
-
  1. 15
Ж.М.Құралбек
432
432
-
432
432
-
  1. 16
Б.С.Кошкаров
360
360
-
600
600
-
  1. 17
А.Д.Асанбаева
168
168
-
432
432
-
  1. 18
А.А.Қошқар
348
348
-
252
252
-
  1. 19
М.Б.Гафур
336
336
-
708
708
-
  1. 20
М.А.Мырзабай
324
324
-
744
744
-
1-ші жарты жылдықта жоспарланған барлық сағат саны
9582
9582
-
-
-
-
2-жж. жоспарланған барлық сағат саны
-
-
-
9468
9468
-
Оқу жылындағы жалпы сағат саны
19050


ІІ. Оқу-әдістемелік жұмыстар

Оқытушының педагогикалық шеберлігін жетілдірудің бір бөлігі – әдістемелік жұмыс. Әдістемелік жұмыс пәндерді оқыту әдістерін жоғары деңгейге көтеруге және талдауға бағытталған.
ПЦК оқытушылары 2024-2025 оқу жылында оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша біраз еңбектер атқарды. Атап айтқанда, оқытылатын пәндер бойынша оқу жұмыс бағдарламалары, ашық сабақтардың әзірлемелері (разработка), әдістемелік нұсқаулықтар, әдістемелік баяндамалар, т.б. дайындады.
Есепті кезеңдегі ПЦК-нің оқу-әдістемелік жұмысының нәтижелері келесі кестеде (кесте 2.1) көрсетілген:

Кесте 2.1 Оқу-әдістемелік жұмыстардың орындалуы

Орындалатын
іс-шаралар
Орындалу
мерзімі
Жауапты
Орындалға
ны туралы белгі
Пәндердің оқу жұмыс бағдарламалары
Қазақ тілі
тамыз-қыркүйек
Шалабаева К.
Бегалиева Б.
Елтаев Д.
Сарсенбай Г.
орындалды
Қазақ әдебиеті
тамыз-қыркүйек
Бегалиева Б.
Шалабаева К.
Елтаев Д.
Сарсенбай Г.
орындалды
Орыс тілі мен әдебиеті
тамыз-қыркүйек
Мыңбаева Г.
Найзабекова С.
орындалды
Шетел тілі
тамыз-қыркүйек
Ерназарова Л.
орындалды
Қазақстан тарихы
тамыз-қыркүйек
Қалыбай Ұ.
Асанбаева А.
Мырзабай М.
Гафур М.
орындалды
Дүниежүзі тарихы
тамыз-қыркүйек
Қалбыай Ұ.
Асанбаева А.
Мырзабай М.
Гафур М.
орындалды
Математика
тамыз-қыркүйек
Әміртаева Ж.
Бекбенов Н.
орындалды
Информатика
тамыз-қыркүйек
Ильясов Б.
орындалды
Физика
тамыз-қыркүйек
Илебаева И.
орындалды
Химия
тамыз-қыркүйек
Бекбулатова Г.
Құралбек Ж.
орындалды
Биология
тамыз-қыркүйек
Балғабекова А.
Құралбек Ж.
орындалды
География
тамыз-қыркүйек
Қошқар А.
орындалды
Графика және жобалау
тамыз-қыркүйек
Мыңбаева Г.
орындалды
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық
тамыз-қыркүйек
Кошкаров Б.
орындалды
Дене тәрбиесі
тамыз-қыркүйек
Қайратұлы Ж.
Курбанали Д.
Кәдірқұлов А.
Жарылкасынов А.
Кулпешов Н.
орындалды
Жаһандық құзыреттілік
тамыз-қыркүйек
Сатенова Г.
орындалды

Әдістемелік баяндамалар
«Қазақ тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары» тақырыбында әдістемелік баяндама
қыркүйек
К.А.Шалабаева
орындалды
«Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын сабақтарда қолданудың тиімді жолдары»
қыркүйек
Б.Ж.Бегалиева
орындалды
«Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында тілдік дағдыларды қалыптастыру жолдарының тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында әдістемелік баяндама
қыркүйек
Елтаев Д.Қ.
орындалды
«Язык- гордость народа» тақырыбында әдістемелік баяндама жасау
желтоқсан
Г.Р.Мынбаева
орындалды
«Графика және жобалау пәнің оқытудың ерекшеліктері» атты әдістемелік баяндама
мамыр
орындалды
«In the world of English idioms» тақырыбында баяндама
наурыз
Л.Ұ.Ерназарова
орындалды
«Игровые технологии на уроках русского языка»
мамыр
С.С.Найзабекова
орындалды
«Сөйлеу мәдениетінің зерттелуі» атты ғылыми баяндама
ақпан
Г.Ә.Сарсенбай
орындалды
«Математика сабағында деңгейлік саралап оқыту технологиясы» тақырыбында әдістемелік баяндама
ақпан
Ж.Н.Әміртаева
орындалды
«Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану» тақырыбында әдістемелік баяндама
ақпан
Б.Е.Ильясов
орындалды
«Математикалық сауаттылықты арттыру» тақырыбында әдістемелік баяндама
ақпан
Н.Р.Бекбенов
орындалды
«Физика пəнінен оқушылардың өздігінен тақырыптар бойынша білім алу дағдыларын қалыптастыру»
сәуір
И.С.Илебаева
орындалды
Қазақстанның оңтүстігінде өсірілген бал араларының әртүрлі тұқымдарын зерттеу тақырыбында әдістемелік баяндама
қазан
А.М.Балғабекова
орындалды
«Фастфуд тағамдарының адам ағзасына әсері»
қаңтар
Г.А.Бекбулатова
орындалды
«Химия сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру»
мамыр
орындалды
«Қант диабеті және оның типтері»
наурыз
Ж.М.Құралбек
орындалды
Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы.
қараша
А.Д.Асанбаева
орындалды
Қазақстан қала мәдениетінің
дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі.
ақпан
орындалды
Алаш қозғалысының идеялары «Әлихан Бөкейхан еңбектерінде»:
мамыр
М.Б.Гафур
орындалды
«Заманауи технологияларды қолдану арқылы тарих пәнін оқыту» атты баяндама
ақпан
М.А.Мырзабай
орындалды
"География сабақтарында функционалды сауаттылықты дамытудың тиімді жолдары"
қаңтар
А.А.Қошқар
орындалды
"Білім беруді жаңғырту жағдайында АӘД сабақтарында патриоттық тәрбие беру"
сәуір
Б.С.Кошкаров
орындалды
«Мұғалім әдебі.Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас»
мамыр
орындалды

Ашық сабақтар әзірлемесі (разработка)
«А.Байтұрсынов «Тіл құралы», М.Жұмабаев «Педагогика» оқу-ағартуға қатысты еңбектері. Үндестік заңы, буын үндестігі» тақырыбында ашық сабақтың әзірлемесі
қыркүйек
К.А.Шалабаева
орындалды
Қазақ әдебиеті пәнінен «Ы. Алтынсариннің ғибратты әңгімелері» тақырыбында ашық сабақтың әзірлемесі
қыркүйек
Б.Ж.Бегалиева
орындалды
«Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашы-
лығы » тақырыбында ашық сабақтың әзірлемесі
қыркүйек
Елтаев Д.Қ.
орындалды
Орыс тілі және әдебиеті пәнінен В.С. Высоцкий. «Гимн морю и горам»- атты тақырыбында ашық сабақтың әзірлемесі
қыркүйек
Г.Р.Мынбаева
орындалды
«Шетел тілі» пәнінен «Writing an article.» тақырыбында ашық сабақтың әзірлемесі
қыркүйек
Л.Ұ.Ерназарова
орындалды
«Текст – рассуждение «IT-технологии в туризме». Сложные прилагательные, прилагательные в краткой форме, причастия. Н и НН в разных частях речи» атты ашық сабақтың әзірлемесі
қыркүйек
С.С.Найзабекова
орындалды
«Спорттың адам өміріне пайдасы. Мәтіндегі сөйлемдердің орын тәртібі» тақырыбында ашық сабақтың әзірлемесі
қараша
Г.Ә.Сарсенбай
орындалды
«Математика» пәнінен «Көпжақты бұрыш, геометриялықдене туралы түсінік.Көпжақтар туралы ұғым» тақырыбында ашық сабақтың әзірлемесі
наурыз
Ж.Н.Әміртаева
орындалды
«Информатика» пәнінен «Виртуалды шындықтағы адам. VR және AR технологияларын техника-технологиялық салада қолдану» тақырыбында ашық сабақтың әзірлемесі
наурыз
Б.Е.Ильясов
орындалды
«Математика» пәнінен «Пирамида және оның элементтері» тақырыбында ашық сабақтың әзірлемесі
наурыз
Н.Р.Бекбенов
орындалды
«Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану» тақырыбында ашық сабақтың әзірлемесі
наурыз
И.С.Илебаева
орындалды
«Ағзаның ішкі ортасы. Қан. Қан жасушалары. Қанның ұюы. Қан топтары. Резус-фактор» тақырыбында ашық сабақтың әзірлемесі
қыркүйек
А.М.Балғабекова
орындалды
«Химия» пәнінен «Периодтық системадағы элементтер жайлы мәліметтер» тақырыбында ашық сабақтың әзірлемесі
қазан
Г.А.Бекбулатова
орындалды
«Биология» пәнінен «Фотосинтездің жарық және қараңғы фазалары. Фотосинтез жылдамдығына әсер ететін факторлар. Фотосинтездің шектеуші факторлары» тақырыбында ашық сабақтың әзірлемесі
қазан
Ж.М.Құралбек
орындалды
Алғашқы әскери дайындық пәнінен «Калашников автоматын жартылай бөлшектеу жəне жинақтау жаттығулары» тақырыбында ашық сабақтың әзірлемесі
сәуір
Б.С.Кошкаров
орындалды
«Қазақстан тарихы» пәнінен «Қазақстан қала мәдениетінің дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі» тақырыбында ашық сабақтың әзірлемесі
сәуір
А.Д.Асанбаева
орындалды
«География» пәнінен «Мемлекеттік шекаралардың функциясы, түрлері, анықтау және белгілеу шаралары, динамикасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекаралары.» тақырыбында ашық сабақтың әзірлемесі
сәуір
А.А.Қошқар
орындалды
«Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының өзгеруі» тақырыбында ашық сабақтың әзірлемесі
сәуір
М.Б.Гафур
орындалды
«Тарих» пәнінен «Қоғамдық-саяси ойдың бастауы және дамуы. «Зарзаман» ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары» тақырыбында ашық сабақтың әзірлемесі
сәуір
М.А.Мырзабай
орындалды

Ашық сабақтар
МД-24-9К тобында «А.Байтұрсынов «Тіл құралы», М.Жұмабаев «Педагогика» оқу-ағартуға қатысты еңбектері. Үндестік заңы, буын үндестігі» тақырыбында ашық сабақ өткізу
қыркүйек
(күнтізб-тақыр. жоспарға сай)
К.А.Шалабаева
орындалды
Қазақ әдебиеті пәнінен «Ы. Алтынсариннің ғибратты әңгімелері» тақырыбында ашық сабақ өткізу
қыркүйек
Б.Ж.Бегалиева
орындалды
«Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашы-
лығы » тақырыбында ашық сабақ өткізу.
қыркүйек
Елтаев Д.Қ.
орындалды
Орыс тілі және әдебиеті пәнінен В.С. Высоцкий. «Гимн морю и горам»- тақырыбында ашық сабақ өткізу
қыркүйек
Г.Р.Мынбаева
орындалды
«Шетел тілі» пәнінен «Writing an article» тақырыбында ашық сабақ өткізу.
қыркүйек
Л.Ұ.Ерназарова
орындалды
«Текст – рассуждение «IT-технологии в туризме». Сложные прилагательные, прилагательные в краткой форме, причастия. Н и НН в разных частях речи» атты ашық сабақ өткізу
қыркүйек
С.С.Найзабекова
орындалды
«Спорттың адам өміріне пайдасы. Мәтіндегі сөйлемдердің орын тәртібі» тақырыбында ашық сабақ өткізу
қараша
Г.Ә.Сарсенбай
орындалды
«Математика» пәнінен «Көпжақты бұрыш, геометриялықдене туралы түсінік.Көпжақтар туралы ұғым» тақырыбында ашық сабақ өткізу
наурыз
Ж.Н.Әміртаева
орындалды
«Информатика» пәнінен «Виртуалды шындықтағы адам. VR және AR технологияларын техника-технологиялық салада қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткізу
наурыз
Б.Е.Ильясов
орындалды
«Математика» пәнінен «Пирамида және оның элементтері» тақырыбында ашық сабақ өткізу
наурыз
Н.Р.Бекбенов
орындалды
«Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткізу
наурыз
И.С.Илебаева
орындалды
ДШ-24-11К1 тобында «ОН 1.4 Анатомия, физиологиясын ұғыну, дене шынықтыру гигиенасын сақтау» пәнінен «Ағзаның ішкі ортасы. Қан. Қан жасушалары. Қанның ұюы. Қан топтары. Резус-фактор» тақырыбында ашық сабақ өткізу
қазан
А.М.Балғабекова
орындалды
«Химия» пәнінен «Периодтық системадағы элементтер жайлы мәліметтер» тақырыбында ашық сабақ өткізу
қазан
Г.А.Бекбулатова
орындалды
«Биология» пәнінен «Фотосинтездің жарық және қараңғы фазалары. Фотосинтез жылдамдығына әсер ететін факторлар. Фотосинтездің шектеуші факторлары» тақырыбында ашық сабақ өткізу
қазан
Ж.М.Құралбек
орындалды
«Алғашқы әскери дайындық» пәнінен «Калашников автоматын жартылай бөлшектеу жəне жинақтау жаттығулары» тақырыбында ашық сабақ өткізу
сәуір
Б.С.Кошкаров
орындалды
«Қазақстан тарихы» пәнінен «Қазақстан қала мәдениетінің дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі» тақырыбында ашық сабақ өткізу
сәуір
А.Д.Асанбаева
орындалды
«География» пәнінен «Мемлекеттік шекаралардың функциясы, түрлері, анықтау және белгілеу шаралары, динамикасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекаралары.» тақырыбында ашық сабақ өткізу
сәуір
А.А.Қошқар
орындалды
«Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының өзгеруі » тақырыбында ашық сабақ өткізу
сәуір
М.Б.Гафур
орындалды
«Қазақстан тарих» пәнінен «Қоғамдық-саяси ойдың бастауы және дамуы. «Зарзаман» ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары» тақырыбында ашық сабақ өткізу
сәуір
М.А.Мырзабай
орындалды

Әдістемелік нұсқаулықтар
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қолданылатын жаңа технологиялар» әдістемелік нұсқаулық
оқу жылының 1-жарты жылдығында
К.А.Шалабаева
орындалды
«Оқу сауаттылығын арттыруда мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдері» авторлық бағдарлама
оқу жылының 1-жарты жылдығында
Б.Ж.Бегалиева
орындалды
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулық
оқу жылының 1-жарты жылдығында
Елтаев Д.Қ.
орындалды
«Эффективные методы преподавания русского языка и литературы в колледже» әдістемелік нұсқаулық
оқу жылының 1-жарты жылдығында
Г.Р.Мынбаева
орындалды
«Шетел тілі» пәнінен ОӘК
оқу жылының 1-жарты жылдығында
Л.Ұ.Ерназарова
орындалды
«Орыс тілі және орыс әдебиетін оқыту» әдістемелік нұсқаулық
оқу жылының 1-жарты жылдығында
С.С.Найзабекова
орындалды
Қазақ әдебиеті пәнін оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулығы

оқу жылының 1-жарты жылдығында
Г.Ә.Сарсенбай
орындалды
«Математиканың пәнаралық байланыстары» әдістемелік нұсқаулығы
оқу жылының 1-жарты жылдығында
Ж.Н.Әміртаева
орындалды
«Информатика» пәнінен деңгейлік тапсырмаларды жасау бойынша әдістемелік нұсқаулық
оқу жылының 1-жарты жылдығында
Б.Е.Ильясов
орындалды
Математика пәнін оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулығы
оқу жылының 1-жарты жылдығында
Н.Р.Бекбенов
орындалды
«Физика» пәні бойынша практикалық сабақтарды жүргізудің әдістемелік нұсқауы
оқу жылының 1-жарты жылдығында
И.С.Илебаева
орындалды
«Биология» пәнінен зертханалық сабақтарды жүргізудің әдістемелік нұсқауы
оқу жылының 1-жарты жылдығында
А.М.Балғабекова
орындалды
Химия пәнін оқытудың әдістемелік нұсқаулығы
оқу жылының 1-жарты жылдығында
Г.А.Бекбулатова
орындалды
«Химия-биология»
пәнін оқытудың әдістемелік нұсқаулығы
оқу жылының 1-жарты жылдығында
Ж.М.Құралбек
орындалды
«АӘД» пәнін оқытудың әдістемелік нұсқаулығы
оқу жылының 1-жарты жылдығында
Б.С.Кошкаров
орындалды
Қазақстан тарихы пәнін оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулығы
оқу жылының 1-жарты жылдығында
А.Д.Асанбаева
орындалды
Дүниетануды оқыту әдістемесі бойынша әдістемелік нұсқаулығы
оқу жылының 1-жарты жылдығында
А.А.Қошқар
орындалды
«Қазақстан тарихы»
пәнін оқытудың әдістемелік нұсқаулығы
оқу жылының 1-жарты жылдығында
М.Б.Гафур
орындалды
Тарих пәнін оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулығы
оқу жылының 1-жарты жылдығында
М.А.Мырзабай
орындалды

Кестеде көрсетілгендей ПЦК-ның бірқатар оқытушылары алдын-ала бекітілген тақырыптар бойынша ашық сабақтардың әзірлемесін дайындады және күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай ашық сабақтарын өткізді. Ашық сабақтарға колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, әдіскер, ПЦК төрағалары және басқа да оқытушылар қатысып отырды. Сабақ соңында талдау жасалып, тиісті қорытынды шығарылды.
Сонымен қатар, бірнеше әдістемелік нұсқаулар дайындалды және олар күнделікті сабақ барысында көмекші құрал ретінде қолданылып отырды.



Кесте 2.2. Апталықтар кестесі

«Жалпы білім беретін пәндер» ПЦК-нің 2024-2025 оқу жылына бекітілген апталықтар кестесіне сәйкес 1-жарты жылдықта «Тілдер бірлестігі» мен «Химия және биология» апталықтары өткізілді. Апталықта оқытушылар ат салысып өз шығармашылықтарын шыңдап, апталықты жақсы дейгейде атқарды. Кестеге сәйкес қалған екі апталық «МИФ» пен «Тарих-география» апталықтары оқу жылының 2-жарты жылдығында орындалды.


Күндер
Пәндер
1
09.09 – 13.09.2024
Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және шетел тілі
2
14.10 – 18.10.2024
Химия, биология
3
07.04 – 11.04.2025
Математика, физика және информатика
4
28.04 – 02.05.2025
Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы және география

«Тіл-татулық тірегі» атты апталығында қабырға газеті байқауы, кітап көрмесі, эссе байқауы, мәнерлеп оқу байқауы, дөңгелек үстел, ашық сабақтар сынды көптеген іс-шаралар атқарылды. Қабырға гезеті байқауы нәтижесінде 3 топ жүлделі орынға ие болса, қалған топтар алғыс хатпен марапатталды.
“Тіл-татулық тірегі” атты тілдер апталығында кітапхана оқу залында кітапхана меңгерушісі Ақбота Асанбаева «Тіл – алтын қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырды. Көрмеге кітапхана қорындағы тілге қатысты әдебиеттер, мерзімді басылым беттерінде әр жылдарда жарық көрген мақалалар, дәйек сөздер қойылды. Оқырмандарға әдебиеттердің электронды нұсқаларының сілтемелері және QR коды ұсынылды.
«Тіл мерейі-ел мерейі» атты эссе байқауы мен «Сөз өнері» атты мәнерлеп оқу сайысы 1-курстар арасында өтілді. Эссе байқауы мен мәнерлеп оқу сайысының жеңімпаздары жүлделі сыйлықтармен және алғыс хатпен марапатталды.
Қыркүйек айының 9-ы күні шетел тілі пәнінің оқытушысы Ерназарова Лаура «Writing an article» тақырыбында ББ-24-9К1 тобына ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Білім алушыларға Past tenses формаларын дұрыс қолдану арқылы мақаланың құрылымын және мәтіннің негізгі ойымен тақырыпқа сәйкес мақала жазуды үйрету. Тілдік дағдылардың жоғары деңгейін қалыптастыру.
Қыркүйек айының 10-ы күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бегалиева Бибигуль қазақ әдебиеті пәнінен «Ы.Алтынсариннің ғибратты әңгімелері» тақырыбында ББ-24-9К1 тобына ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтермен таныстыру, оның қазақ әдебиетінде алатын орнын ұғындыру. Ғибратты әңгімелер арқылы білім алушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, оларды өз ойларын ашық білдіруге, шығармашылық тұрғыдан ойлауға ынталандыру.
Қыркүйек айының 11-і күні орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Найзабекова Самал «Текст – рассуждение «IT-технологии в туризме». Сложные прилагательные.» тақырыбында БҚЕ-24-9К1 тобына ашық сабақ өткізді.
Келесі күні ашық сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Шалабаева Кульшара апайымыз «А.Байтұрсынов «Тіл құралы», М.Жұмабаев «Педагогика» оқу-ағартуға қатысты еңбектері. Үндестік заңы, буын үндестігі» тақырыбында МД-24-9К тобына өтті. Сабақ алға қойған мақсатына жетті, бақылаушы оқытушылар тарапынан жоғары бағаланды.
Қыркүйек айының 13-і күні орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Мыңбаева Гульжан «В.С. Высоцкий. «Гимн морю и горам» тақырыбында БҚЕ-24-9К3 тобына ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барлық талапқа сай, өте қызықты, жоғары деңгейде өтіп, мақсатына жетті. Оқытушы қолданған әдіс-тәсілдер білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың тақырыпты жақсы меңгеріп, кері байланыста өнімді нәтиже көрсетуіне ықпал етті.
Қараша айының 29-ы күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Сарсенбай Гулмарал қазақ әдебиеті пәнінен Ж.Бөдешұлының «Жалғыз» поэмасы тақырыбында БҚЕ-24-9К1 тобына ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – Оқушыларға Жәркен Бөдештің шығармашылығы мен “Жалғыз” поэмасының мазмұны, идеясы туралы түсінік беру, поэманың негізгі тақырыбы мен идеясын анықтау арқылы әдеби-талдау дағдыларын дамыту.
«Ғажайып жаратылыстар» атты биология және химия пәндерінің 14.10.24-18.10.2024ж аралығында апталығы өтті. 14.10.2024ж. Колледждің фоесінде және сыртында, биология және химия пәні оқытушыларының ұйымдастырумен «Берекелі-алтын күз» атты колледж ішілік 1 курстар арасында жәрмеңке апталықтың ашылу салтанаты өткізілді. «Берекелі-алтын күз» атты колледж ішілік 1 курстар арасында жәрмеңкесінде: 1-орын БҚЕ-24-9К1, 2-орын АКТ,МД-24-9К, 3-орын БҚЕ-24-9К2 топтары иеленді. Сонымен қатар «Ең әдемі сән үлгісі»- ББ-24-9К1, «Ең әдемі күз тартуы» -ББ-24-9К2, «Ең үздік күзгі бояулар»-ДШ-24-9К1,3, «Ең әсерлі өнер»-ДШ-24-9К2 топтары номинациялар бойынша марапатталды.
15.10.2024ж. Химия пәнінен «Химия әлемінде» атты 1курстар арасында есептер шығарылды. Бекбулатова Гулаш Абдуллаевнаның басқаруымен «Өнеркәсіптік қалдықтардың қоршаған ортаға әсері » атты семинар өткізді.
16.10.2024ж. «Жас биолог» атты интеллектуалды 1 курстар арасында топтық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: студенттердің алғырлығын, жылдамдығын және мергендігін сарапқа салатын ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.
17.10.2024ж. «Фотосинтездің жарық және қараңғы фазалары. Шектеуші факторлары» атты ББ-24-9К1 тобына Құралбек Жансая ашық сабақ өтті. Ашық сабақ жоғары деңгейде өткізілді. Сабақтың мақсаты: Білім алушылардың биология пәніне қызығушылығын оята отырып, білімін тиянақтау.
18.10.24ж. «Биология және Химия» апталығының жабылуына орай «Шығармашылық тапсырма» жапырақтан аппликация, презентация, видеороликтер, суреттер, қолөнер байқауы 1курстар арасында және топ тәлімгерлерінің қатысуымен сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: білім алушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын, оқып-үйренуден белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту, тапқырлыққа тәрбиелеу. Сайыс соңында командаларға бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындар және сыйлықтар табысталды.
«Әлемді бағындырған нақты ғылымдар» апталығы 8 сәуір күні ашылды. Апталықтың мақсаты: білім алушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын, оқып-үйренудегі белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту және тапқырлыққа тәрбиелеу. Апталықтың ашылуында студенттердің алғырлығын, жылдамдығын және мергендігін сарапқа салатын ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.
08.04.2025 күні физика пәнінің оқытушысы Илебаева И.С. «Аспан әлемі. Планеталар. Ғарыштағы зерттеулер мен жаңа технологиялар» тақырыбында БҚЕ-24-9К3 топ студенттеріне ашық сабақ өтті.
09.04.2025 күні математика пәнінің оқытушысы Бекбенов Н.Р. «Пирамида және оның түрлері, элементтері» тақырыбында ББ-24-9К1 топ студенттеріне ашық сабақ өтті.
10.04.2025 күні информатика пәнінің оқытушысы Ильясов Б.Е. «Жасанды интеллект. Жасанды интеллектіні қолдану саласы. Техника-технологиялық бағытта жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында БҚЕ-24-9К1 топ студенттеріне ашық сабақ өтті.
11.04.2025ж. «МИФ» апталығының жабылуына орай математика пәнінің оқытушысы - Әміртаева Ж.Н., математика пәнінің оқытушысы – Бекбенов Н., физика пәнінің оқытушысы, магистр - Илебаева И.С., информатика пәнінің оқытушысы - Ильясов Б.Е. "Әлемді бағындырған нақты ғылымдар" атты апталықта 1-курс топтар арасында шахматтан турнир өткізді. Турнир мақсаты: студенттердің дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, зияткерлік спорттың бірі ретінде шахмат ойынын дамыту және кеңінен насихаттау. Форматы: жеке жарыс; турнир жүйесі: нокаут. Нокаут жүйесі: Турнирдің әр кезеңінде жеңілген ойыншы шығарылады, тек жеңімпаздар ғана келесі кезеңге өтеді. Бұл жүйеде 8 қатысушыны 4 жұпқа бөліп, жартылай финалға өтуге болады. Уақыт ұйымдастырылуы: қатысушылардың әрқайсысына 15-20 минут уақыт бөлінеді. Егер тең болған жағдайда, әр ойын үшін қосымша уақыт қосылады. Колледж студенттері белсенділік танытып, тапқырлықтарын көрсете білді. Турнир соңында жеңімпаздарға І, ІІ, ІІІ орындар, алғыс хат және ақшалай сертификаттар табысталды. 1-орын: Жазықбай Асылжан БҚЕ-24-9К3 тобы; 2-орын: Абдуали Бақберген ДШ-24-11К1 тобы; 3-орын: Құдайберген Саян БҚЕ-24-9К1 тобы.
Өткен тарихымыздағы халқымыздың кешкен қиындықтары мен бейбіт күн үшін күрескен ерліктері мен еңбектерін бүгінгі ұрпаққа жеткізуде, олардың саналы азамат болып өсуіне үлес қосуда ұстаздардың еңбегі зор. Соның бір дәлелі, сәуір айының 28-і және мамыр айының 2-і күндері аралығында колледжімізде география және тарих пәндері мұғалімдері «Тарих-тіршіліктің шежіресі, география- ғаламның келбеті» атты тақырыбында апталығы өтті.
Пәндік апталық-оқушыларға ел тарихын танып-білуде тарихи тұлғалардың қоғамдағы қызметтерінен үлгі алу, өзіндік ой-пікір қалыптастыру мақсатында жоспарланды. Мақсаты: білім алушылырға еліміздің өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих және география сабақтарының маңыздылығын ұғындыра білу, салыстырмалы түрде ойлауға ой түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамыту
28.04.2025ж. Колледждің фоесінде, тарих және география пәні оқытушыларының ұйымдастырумен «Тарих-тіршіліктің шежіресі, география- ғаламның келбеті» атты апталықтың ашылу салтанаты өткізілді. Колледж оқушылары мен педагогтары Тарих – география апталығының іс-шаралар жоспарымен танысты.Іс-шаралардың формалары әр түрлі: зияткерлік ойындар, ребустар,дөңгелек үстел және мұражайға бару. Іс-шаралар формаларын таңдау оқушылардың жас ерекшеліктеріне, олардың бейімділіктеріне, тілектеріне байланысты болды. Тарих-география апталығын дайындауда да, өткізуде де баға жетпес көмек көрсеткен заманауи ақпараттық технологиялар үлкен маңызға ие болды. Білім алушыларды тарту үшін "тарих апталығы" стенді рәсімделді, онда іс-шаралар жоспары мен өткізу мерзімдері болды.
28.04.2025ж. «Жалпы білім беретін пәндер» ПЦК-ның тарих пәнінің оқытушысы Асанбаева А.Д.. «Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері» тақырыбында ББ-24-9К1 тобының студенттерімен ашық сабақ өтті. Сабақ барысында студенттерге алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде меңгерту, өз беттерінше жұмыс жасауға, өздеріне жүктелген талаптарды уақытында орындай білуге, тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарауға үйрете отырып, қазақ тілінен ой өрістерін дамыту, алған білімін күнделікті өмірде қолдана білу мүмкіндіктерін арттыру мақсаты қарастырылды және сабақ жоғары деңгейде өтті.
28.04.2025 күні колледж студенттері арасында «Шытырман әлем» атты квест ойыны ұйымдастырылды. «Шытырман әлем» атты квест ойынының негізгі мақсаты — оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шығармашылығын, топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Сонымен қатар, ойын барысында оқушыларға қызықты тапсырмалар арқылы білімді ойын түрінде меңгерту, жылдам шешім қабылдау мен сыни ойлауға баулу көзделеді. Бұл ойын оқушылардың белсенділігін арттырып, танымдық қызығушылығын оятуға бағытталған.
«Шытырман әлем» квест ойыны өте әсерлі әрі тартымды форматта өтті. Квест кезеңдері жақсы ойластырылып, тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігі мен танымдық қабілеттеріне сай құрылды. Әрбір кезең оқушыларды қызықтырып, олардың зейіні мен тапқырлығын талап етті.
Қатысушылар командамен жұмыс істеу барысында бір-бірін тыңдауды, пікір алмасуды, бірлесіп шешім қабылдауды үйренді. Бұл — тек ойын емес, маңызды дағдыларды дамытуға арналған тиімді әдіс.
Ойын оқушылардың көңіл-күйіне жақсы әсер етті, қызығушылық пен белсенділік жоғары деңгейде болды. Мұғалімдер тарапынан да жақсы ұйымдастырушылық пен қолдау байқалды. Жалпы алғанда, «Шытырман әлем» квест ойыны білім беруді қызықты әрі тиімді етуге бағытталған сәтті іс-шара болды.
29.04.2025ж. «Жалпы білім беретін пәндер» ПЦК-ның тарих пәнінің оқытушысы Гафур М.Б. МД-24-9К1 тобының студенттерімен «Алаш партиясының құрылуы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Алаш қозғалысы саяси күрес екендігін, осы саяси күрестің мәні мен мақсаттарын білу. Сонымен қатар Алаш қозғалысы туралы оқушыларбәләм алушылардың бойына нақты пікір қалыптастыру, өз көзқарастарын білдіру, өз ойларын айта білу қабілеттерін дамыту. Алаш қозғалысының қайраткерлерін мысалға келтіріп ұлтжандылыққа, партиоттыққа тәрбиелеу,ұлт көсемдерін құрметтеуге, істерін үлгі ете білуге үйрету
"Алаш партиясының құрылуы" тақырыбындағы ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Сабақ барысында оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды ұғындыру мақсаттары айқын көрініс тапты. Мұғалім заманауи әдіс-тәсілдерді шебер қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттырып, оларды белсенді қатысуға ынталандырды. Сабақ барысында Алаш қозғалысының тарихи маңызы мен партияның құрылу себептері, жетекшілері мен идеялары нақты әрі түсінікті түрде ашылып көрсетілді. Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, презентация сияқты әдістер тиімді қолданылып, оқушылардың сыни ойлау қабілеттері дамытылды. Сабақтың тәрбиелік мәні өте жоғары болды — оқушыларға ұлт тарихына деген құрмет, еркіндік пен тәуелсіздікке деген жауапкершілік сезімі сіңірілді.
Жалпы алғанда, бұл ашық сабақ мақсатқа сай өтті және оқушылардың тарихи білімін тереңдетуге, патриоттық сезімін оятуға зор үлес қосты.
30.04.25ж. «Жалпы білім беретін пәндер» ПЦК-ның тарих пәнінің оқытушысы Мырзабай М.А. «“Мәңгілік Ел” жалпыұлттық идеясының тарихи негізі» тақырыбында ДШ-24-9К1 тобының студенттерімен ашық сабақ өтті. “Мәңгілік Ел” жалпыұлттық идеясының тарихи негізі тақырыбында өткізілген сабақ мазмұндық және әдістемелік тұрғыдан өте жақсы ұйымдастырылған. Сабақ барысында мұғалім оқушыларға Қазақстанның тарихи даму жолы мен тәуелсіздік идеясының терең тамырларын нақты деректермен, тарихи оқиғалармен байланыстыра отырып түсіндіре алды.
Мұғалім оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту мақсатында топтық жұмыс, диалог, пікірталас секілді тиімді әдіс-тәсілдерді қолданды. Сабақта Елбасының “Мәңгілік Ел” идеясының мәні мен маңызын терең ашып көрсету арқылы оқушылардың ұлттық бірегейлігін, отансүйгіштік қасиеттерін дамытуға баса назар аударылды.
Сабақтың тәрбиелік мазмұны ерекше атап өтуге тұрарлық: “Мәңгілік Ел” — бұл тек идеология емес, бұл — тарихи сабақтастықтың, бірлік пен тұрақтылықтың белгісі екенін оқушылар жете түсінді.
30.04.25ж. Тарих- география пәндер апталығы барысында оқытушылар арасында «Білгірлер алаңы» атты интеллектуалды сайыс өткізілді. «Білгірлер алаңы» оқытушылар арасындағы интеллектуалды сайыстың басты мақсаты — педагогтардың кәсіби шеберлігін, білім деңгейін, тапқырлығын және логикалық ойлау қабілетін шыңдау. Сонымен қатар, мұндай сайыстар ұжымішілік бірлікті арттырып, оқытушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Интеллектуалдық жарыс білім мен зияткерлік мәдениетті насихаттай отырып, мұғалім мәртебесін көтеруге үлес қосады.
«Білгірлер алаңы» атты оқытушылар арасындағы интеллектуалды сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Сайыстың құрылымы жүйелі, тапсырмалары мазмұнды әрі әртүрлі саладағы білімді қамтыды — бұл қатысушылардың жан-жақты екенін көрсетеді.
Оқытушылар өздерінің терең білімін, тапқырлығын, логикалық ойлау қабілетін және жылдам шешім қабылдау дағдыларын көрсете алды. Әсіресе командалық жұмыс, өзара қолдау, салауатты бәсекелестік рухы ерекше байқалды.
Іс-шара көңілді, қызықты әрі мазмұнды өтті. Қатысушылар да, көрермендер де үлкен әсер алды. Мұндай форматтағы сайыстар оқытушылардың ынтасын арттырып, кәсіби дамуына серпін беретіні анық.
«Тарих-тіршіліктің шежіресі, география- ғаламның келбеті» апталығының жабылуына орай және «1-мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесіне орай концерттік бағдарлама өткізді. Ұйымдастырушылар Ұ.Н.Қалыбай, А.Д.Асанбаева, А.А.Қошқар, М.Б.Гафур, М.А.Мырзабай Бұл күн — білім апталығының қорытындысы ғана емес, ел бірлігінің, ұлттар достығының мерекесіне айналды. Мерекелік концерт барысында түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі мен мәдениеті дәріптеліп, "Достық сайысы" ұйымдастырылды. Оқушылар түрлі ұлттың ұлттық киімін киіп, ән-жырын айтып, бірліктің шынайы көрінісін паш етті. Бір сахнада жүректер тоғысып, бір арнада болашаққа деген сенім мен үміт ұштасқан бұл кеш — жас ұрпақ санасына татулық пен сыйластықтың құндылығын сіңірген тағылымды шара болды.
Тарих және география пәндерінің апталығы сәтті өтті, патриоттық және азаматтық сезімдерді дамыту және тәрбиелеу бойынша міндеттер орындалды.Пән апталығының барлық қатысушылары белсенді болды, іс-шараларды өткізуге үлкен қызығушылық танытты. Пәндік апта бекітілген жоспарға сәйкес көрсетілген мерзімде өткізілді. Іс-шаралар мен шығармашылық тапсырмаларды дайындау кезінде балалардың жас ерекшеліктері ескерілді.


  1. ІІІ. Педагогикалық тәжірибе алмасу, өзара сабаққа қатысу
Оқу процесіне ендірілген оқытудың белсенді формалары мен әдістері

Оқытушылардың негізгі міндеттерінің бірі - оқушыларды жоғары ғылыми және тәжірибелік деңгейде оқыту; өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау; оқытудың тиімді формалары мен жаңа технологиялық әдістерін қолдану.
2024-2025 оқу жылында ПЦК оқытушылары оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін қолданып сабақтар өткізді: сайыс сабағы, дебат сабақ, ойын сабағы, конкурс-сабақ, конференция сабағы, рөльдік ойындар сабағы, сұрақ-жауап сабағы, түрлі тақырыптарда интеллектуалды олимпиадалар, т.б. Сонымен қатар, интерактивті тақтаны, пәндер бойынша электронды оқулықтарды, түрлі презентацияларды сабақ барысында пайдаланып отырды.
Сабақтың сапасын арттыру мақсатында көрнекі құралдар альбомын, тақырып бойынша үлестірмелі кестелер, бақылау сұрақтарын, тесттер жинағын, тірек сызбалар, практикалық жұмыстар тапсырмаларын, электронды презентациялар, слайд шоулар және т.б. дайындады.
ПЦК оқытушылары тәжірибе алмасу мақсатында және жас мамандардың сабақ өту әдісін саралау мақсатында өзара сабақтарға еніп, сараптама жасады. Әр оқытушының жалпы сабақты ұйымдастыруы, сабақ өту әдісі, педагогикалық шеберлігі мен дағдылары, заманауи ақпараттық-техникалық құралдарды сабақ барысында қолдану тәжірибесі т.б. көрсеткіштері бойынша талдау жасалып, жазбаша түрде мәлімет берілді.

Кесте 3.1. Өзара сабаққа қатысу кестесі

р/с
Орындалатын
іс-шаралар
Орындалу
мерзімі
Орындаушы
Орындалғаны туралы белгі

Өзара сабаққа ену және қатысқан сабақты талдау
оқу жылы бойына
ПЦК оқытушылары
орындалды

Тәжірибелі оқытушылардың жұмыс тәжірибесін оқып үйрену
оқу жылы бойына
ПЦК оқытушылары
орындалды

«Жалпы білім беретін» ПЦК оқытушылары 2024-2025 оқу жылының 1,2-ші жарты
жылдығында өзара сабаққа қатысу кестесі


Оқытушылар-дың аты-жөні
Қыркүйек
Қазан
Қараша
Желтоқсан
Қаңтар
Орындалғаны туралы белгі
  1. 1
Қалыбай Ұ.Н.

Елтаев Д.Қ.

Қошқар А.А.

орындалды
  1. 2
Елтаев Д.Қ.
Шалабаева К.А.

Қошқар А.А.

Мыңбаева Г.Р.
орындалды
  1. 3
Асанбаева А.Д.
Қалыбай Ұ.Н.

Ауелбекова Ж.Ж.


орындалды
  1. 4
Қошқар А.А.

Асанбаева А.Д.


Қадыр Ә.А.
орындалды
  1. 5
Әміртаева Ж.Н.
Шалабаева К.А.

Бекбенов Н.Р.

Ильясов Б.Е.
орындалды
  1. 6
Балгабекова А.М.

Құралбек Ж.М.
Гафур М.Б.
Шалабаева К.А.

орындалды
  1. 7
Бекбулатова Г.А.

Каратанова Ф.Е.


Уразбаева Г.К.
орындалды
  1. 8
Ильясов Б.Е.
Әміртаева Ж.Н.


Елтаев Д.Қ.

орындалды
  1. 10
Шалабаева К.А.
Бегалиева Б.Ж.

Қадыр Ә.А.


орындалды
  1. 11
Бегалиева Б.Ж.

Сатенова Г.А.
Шалабаева К.А.


орындалды
  1. 12
Найзабекова С.С.
Гафур М.Б.

Әміртаева Ж

Ерназарова Л.У
орындалды
  1. 13
Мынбаева Г.Р.

Әміртаева Ж.Н.
Ерназарова Л.Ұ.
Найзабекова С.С.

орындалды
  1. 14
Бекбенов Н.Р.
Шалабаева Г.А.



Ильясов Б.Е.

орындалды
  1. 15
Ерназарова Л.У.

Шалабаева Г.А.
Каратанова Ф.Е.
Найзабекова С.С.

орындалды
  1. 16
Илебаева И.С.
Әміртаева Ж.Н.



Әмірбек Ә.
орындалды
  1. 17
Қошқаров Б.С.

Құралбек Ж.М.
Қошқар А.А.

Найзабекова С.С.
орындалды
  1. 18
Құралбек Ж.М.
Шалабаева К.А
Бегалиева Б.Ж

Қошқар А.А.

орындалды
  1. 19
Гафур М.Б.


Қошқар А.А

Мырзабай М.А
орындалды
  1. 20
Мырзабай М.А.
Асанбаева А.Д.
Қалыбай Ұ.Н.



орындалды



Оқытушылар-дың аты-жөні
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Орындалғаны туралы белгі
  1. 1
Қалыбай Ұ.Н.
Шалабаева К.А.

Әміртаева Ж.Н.

орындалды
  1. 2
Елтаев Д.Қ.

Сатенова Г.А.

Бекбенов Н.Р.
орындалды
  1. 3
Асанбаева А.Д.
Әміртаева Ж.Н.

Қошқар А.А.
Гафур М.Б.
орындалды
  1. 4
Қошқар А.А.

Балғабекова А.М.
Ильясов Б.Е.

орындалды
  1. 5
Әміртаева Ж.Н.
Асанбаева А.Д.


Мынбаева Г.Р.
орындалды
  1. 6
Балгабекова А.М.

Мырзабай М.А.
Уразбаева Г.К.

орындалды
  1. 7
Бекбулатова Г.А.
Каратанова Ф.Е.

Қалыбай Ұ.Н.
Қошқар А.А.
орындалды
  1. 8
Ильясов Б.Е.
Пернебаев Е.А.
Булегенов Д.Б.
Илебаева И.С.

орындалды
  1. 10
Шалабаева К.А.
Елтаев Д.Қ.
Мынбаева Г.Р.
Әміртаева Ж.Н.

орындалды
  1. 11
Бегалиева Б.Ж.

Елтаев Д.Қ.
Уразбаева А.К.
Қалыбай Ұ.Н.
орындалды
  1. 12
Найзабекова С.С.

Қошқар А.А


Бегалиева Б.Ж.
орындалды
  1. 13
Мынбаева Г.Р.
Елтаев Д.Қ



Шалабаева Г.А.
орындалды
  1. 14
Бекбенов Н.Р.
Асанбаева А.Д.
Мынбаева Г.Р.
Илебаева И.С.

орындалды
  1. 15
Ерназарова Л.У.
Мыңбаева Г.Р.
Бегалиева Б.Ж.


орындалды
  1. 16
Илебаева И.С.
Пернебаев Е.А.
Булегенов Д.Б.
Ильясов Б.Е.

орындалды
  1. 17
Қошқаров Б.С.


Елтаев Д.Қ.
Әміртаева Ж.Н.
орындалды
  1. 18
Құралбек Ж.М.
Әміртаева Ж.Н
Мынбаева Г.Р


орындалды
  1. 19
Гафур М.Б.
Қалыбай Ұ.Н

Асанбаева А.
Шалабаева Г.А
орындалды
  1. 20
Мырзабай М.А.

Құралбек Ж.М.
Гафур М.Б.
Қошқар А.А.
орындалды


Өзара сабақтарға қатысу барысында анықталған кейбір кемшіліктер өз уақытында жойылып, оқытушылар тиісті нәтижелер шығара білді.
Жалпы, ПЦК оқытушыларының білім беру деңгейлері қанағаттанарлық, барлық талаптарға сай деп есептеуге болады.

ІV. Педагогикалық шеберлік пен іскерлік біліктілікті арттыру

Педагогикалық шеберлік пен іскерлік біліктілікті арттырудың мақсаты – оқытушылардың өз қызметін нәтижелі атқаруы үшін және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында арнайы оқу бағдарламалары арқылы оқыту, кәсіби даму іс-шараларына қатыстыру және өз білімін көтеру болып табылады. Педагогтердің біліктілігін арттыру – оқыту және оқытудың сапасын арттыру үшін жаңа білім алуға, сондай-ақ бұрын алған кәсіби білімдерін, біліктерін, дағдылары мен құзыреттерін қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік береді. Осы мақсатта ПЦК оқытушылары біліктілік арттыру курстарынан өтіп, білімдерін жетілдіріп отырады.




Кесте 4.1. Біліктілік арттыру курсынан 1- жарты жылдықта өткен оқытушылар

Р/с
Оқытушының аты-жөні
Тақырыбы
Академиялық сағат
Өткен орны
1
Бегалиева Б.Ж.
«Білім беру мазмұны сапасын арттыруда педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту амалдары»
80
«ӨРЛЕ – EDUCATION» Республикалық оқу-әдістемелік орталығы
2
Қошқаров Б.С.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындықты ұйымдастырушы-оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»
80
«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ

Кесте 4.2. Біліктілік арттыру курсынан 2-жарты жылдықта өткен оқытушылар

Р/с
А.Ә.Т.
Мамандығы (бейін бойынша)
Өтетін орны
Берілген күні
1
Қалыбай Ұ.Н.
Тарих пәнінің оқытушысы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
«Педагогтердің пәндік құзіреттілігін дамыту: тарих пен құқық негіздерін оқытудың тиімді тәжірибесі» тақырыбы бойынша 80 академиялық сағат
31.01.2025
2
Асанбаева А.Д.
Тарих пәнінің оқытушысы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
«Педагогтердің пәндік құзіреттілігін дамыту: тарих пен құқық негіздерін оқытудың тиімді тәжірибесі» тақырыбы бойынша 80 академиялық сағат
31.01.2025
3
Бекбенов Н.Р.
Математика пәнінің оқытушысы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
«Педагогтердің пәндік құзіреттілігін дамыту: математиканы оқытудың тиімді тәжірибесі» тақырыбы бойынша 80 академиялық сағат
07.02.2025
4
Ильясов Б.Е.
Информатика пәнінің оқытушысы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
«Педагогтердің пәндік құзіреттілігін дамыту: информатиканы оқытудың тиімді тәжірибесі» тақырыбы бойынша 80 академиялық сағат
14.02.2025
5
Сәрсенбай Г.Ә.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
«Педагогтердің пәндік құзіреттілігін дамыту: қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді тәжірибесі» тақырыбы бойынша 80 академиялық сағат
07.02.2025
6
Мырзабай М.
Тарих пәнінің оқытушысы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
«Педагогтердің пәндік құзіреттілігін дамыту: тарих пен құқық негіздерін оқытудың тиімді тәжірибесі» тақырыбы бойынша 80 академиялық сағат
31.01.2025
7
Гафур М.Б.
Тарих пәнінің оқытушысы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
«Педагогтердің пәндік құзіреттілігін дамыту: тарих пен құқық негіздерін оқытудың тиімді тәжірибесі» тақырыбы бойынша 80 академиялық сағат
31.01.2025
8
Ерназарова Л.Ұ.
Шетел тілі пәнінің оқытушысы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
«Педагогтердің пәндік құзіреттілігін дамыту: ағылшын тілін оқытудың тиімді тәжірибесі» тақырыбы бойынша 80 академиялық сағат
07.02.2025
9
Бекбулатова Г.
Химия пәнінің оқытушысы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
«Педагогтердің пәндік құзіреттілігін дамыту: химия мен жаратылыстануды оқытудың тиімді тәжірибесі» тақырыбы бойынша 80 академиялық сағат
28.02.2025
10
Құралбек Ж.
Биология пәнінің оқытушысы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
«Педагогтердің пәндік құзіреттілігін дамыту: химия мен жаратылыстануды оқытудың тиімді тәжірибесі» тақырыбы бойынша 80 академиялық сағат
28.02.2025
11
Илебаева И.С.
Физика пәнінің оқытушысы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
«Педагогтердің пәндік құзіреттілігін дамыту: физика мен жаратылыстануды оқытудың тиімді тәжірибесі» тақырыбы бойынша 80 академиялық сағат
07.02.2025


5. Тәрбие жұмыстары және қоғамдық-мәдени іс-шаралар

ПЦК оқытушылары колледждің 2024-2025 оқу жылына арналған тәрбие жұмыстарының жоспарына сәйкес өткізіліп жатқан іс шараларға белсене араласып, қатысып отырды. Сондай-ақ, барлық аудиториядан тыс жұмыстардың (конкурс, кездесу, жарыс, семинарлар т.б.) ұйымдастырылуына атсалысты.
Сонымен қатар, тәлімгерлік топ студенттеріне бағыт-бағдар беріліп, іс-шараларға қатысуына жетекшілік жасалды. Тәлімгерлер топ студенттерімен жыл бойында тәлімгерлік сағат өткізіп, сабаққа қатысу, сабақ үлгерімі, тәртіптері жөнінде түсіндірме жұмыстарын үздіксіз жүргізіп отырды.
Колледждегі, қаладағы барлық мәдени және спорттық іс-шараларға қатысты. Қыркүйек айында «Қазақстан халқы тілдерінің күні» мерекесіне орай колледжде өткен «Тіл – татулық тірегі» атты апталық аясында ұйымдастырылған іс-шараларға студенттерін қатыстырып, қабырға газеттері шығарылды. Сондай-ақ, ұзтаздар күніне, Республика күніне, Тәуелсіздік күніне, жаңа жыл мерекесіне байланысты колледж, қала көлемінде ұйымдастырылған барлық мерекелік іс-шараларға белсене қатысып отырды.
Сонымен қатар, түрлі республикалық байқауларға қатысып, жетістіктерге жеткен оқытушылар да бар. Атап айтсақ, оқытушылар Асанбаева А.Д., Мыңбаева Г.Р., Бегалиева Б.Ж., Илебаева И.С., Ильясов Б., Сарсенбай Г «Тәуелсіз елдің асқақ рухы» атты студенттер арасындағы IV республикалық эссе байқауына қатысып, «Талантты да дарынды шәкірттерге шығармашылық қолдау білдіріп, педагогикалық білім жолында жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие берудегі жетістіктері үшін» Құрмет грамотасымен, дипломдармен, алғыс хаттармен, сонымен қатар, «Мәртебелі маман», «Білім беру саласының үздігі» төсбелгілерімен және куәліктерімен марапатталды.
Желтоқсан айында оқу орнымыздың 30 жылдығы қарсаңында «Жарқын елдің шамшырағы – жас маман» атты колледжішілік «Үздік жас маман-2024» сайысын ұйымдастырылып, біздің ПЦК-нан бірнеше жас мамандар қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Сарсенбай Г. ІІ-дәрежелі Дипломмен және қаржылай сыйлықпен марапатталды. Қалған қатысушылар Найзабекова С., Құралбек Ж., Қошқаров Б., Мырзабай М., Гафур М. белсене қатысқандары үшін арнайы алғыс хат пен қаржылай сыйлықпен марапатталды.
  1. Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Қошқаров Б.С. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің «АҚТАС» оқу атыс алаңында үздік мергендік көрсеткішке қол жеткізгені үшін марапатталды.
  2. Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Қошқаров Б.С. «16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай Тұран ауданының әкімі Б.Әшірбековтен арнайы Алғыс хатпен марапатталды.
  3. Тарих пәнінің оқытушысы Мырзабай М.А. «КИО.KZ» Қазақстандық интеллектуалды олимпиадалар сайтының ұйымдастыруымен, педагогтердің білімін тексерумен біліктілігін арттыру мақсатында өткен Қазақстан тарихы пәнінен халықаралық интеллектуалды олимпиадада ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
  4. Информатика пәнінің оқытушысы Ильсов Б.Е. «Ұстаздар күні» кәсіби мерекесіне орай Тұран ауданының әкімі Б.Әшірбековтен арнайы Алғыс хатпен марапатталды.
  5. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Шалабаева К.А. Тұран ауданы әкімінің орынбасары Б.Әшірбековтың «Жас ұрпаққа білім мен рухани-патриоттық тәрбие беру жолындағы адал еңбегіңіз бен сапалы жұмыс көрсеткені үшін» Алғыс хатымен марапатталды.
  6. ПЦК оқытушылары Қалыбай Ұ.Н., Қошқар А.А., Ильясов Б.Е., Илебаева И.С. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының вице-президенті А.Жұмахметтің «Білім беру ұйымдары үшін оқу бағдарламаларын өзектендіру жұмысына қатысқаныңыз үшін» Алғыс хатымен марапатталды.
  7. Биология және химия пәнінің оқытушысы Құралбек Ж. ««Ұстаздар күні» кәсіби мерекесіне орай колледж директоры А.С.Арынбековадан арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

Білім алушылардың жетістігіне келер болсақ, түрлі қалалық, республикалық байқау, олимпиадаларға қатысып, жетістікке жеткен студенттер де бар.
  1. МД-24-9К тобының студенті Исматулла Айжан Салимқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен онлайн олимпиадаға қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Шалабаева К.А.
  2. БҚЕ-24-9К3 тобының студенті Алипбай Аселя Ержанқызы «KKO.KZ» веб-сайтымен ұйымдастырылған «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Республикалық қашықтықтан олимпиадаға қатысып, келесі көрсеткіштерді иеленді: барлық сұрақтың 87% дұрыс жауап беріліп, 86 балл жинады. ІІ дәрежелі дипоммен марапатталды. Жетекшісі: Асанбаева А.Д.
  3. МД-24-9К тобының студенті Сатек Гулжан «rcdo.kz» Республикалық қашықтықтан олимпиада орталығының ұйымдастыруымен өткізген олимпиадаға «Қазақстан тарихы» пәнінен қатысып, мадақтама берілді. Жетекшісі: Гафур М.Б.
  4. БҚЕ-24-9К2 тобының студенті Асан Ерсұлтан Қанатұлы «Ziatker.kz» Республикалық ғылыми- әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен олимпиада да «Қазақстан тарихы» пәнінен қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Гафур М.Б.
  5. ББ-24-9К1 тобының студенті Қалдар Аяулым Дәуренқызы «rcdo.kz» Республикалық қашықтықтан олимпиада орталығының ұйымдастыруымен өткізген олимпиадаға «Орыс тілі мен әдебиеті» пәнінен қатысып, мадақтама берілді. Жетекшісі: Найзабекова С.С.
  6. БҚЕ-24-9К2 тобының студенті Жаппар Нұрасыл Рафсанұлы «KKO.KZ» веб-сайтымен ұйымдастырылған «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша Республикалық қашықтықтан олимпиадаға қатысып сертификатпен марапатталды. Жетекшісі: Қошқаров Б.С.
  7. 2025 жылдың 25 сәуір күні Шымкент қаласы Білім басқармасының М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі ұйымдастырған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының білім алушылары арасында С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауына ББ-23-9К2 тобының студенті Абдураимова Жұлдызды қатысып, 15 үміткердің арасынан Бас жүлдені жеңіп алып, жетекшісімен бірге «Көркем шығарманы терең сезініп, әсерлі жеткізе білуімен, тіл тазалығы мен мәнерлеп оқу шеберлігі үшін» Дипломымен марапатталды. Жетекшісі: Шалабаева К.А.
  8. 2025 жылдың 15 мамыр күні Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты Тілдерді оқыту әдістемелік орталығы ұйымдастырған жазушы, журналист, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты М.Байғұттың туғанына 80 жыл толуына орай «Мархабат мақамдары» атты көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауына ББ-23-9К2 тобының студенті Абдураимова Жұлдызды қатысып, ақтық сайыста 14 қатысушының қатарында бақ сынап жүлделі 3 орынды жеңіп алып, арнайы Диплом және 100.000 теңге қаржылай сыйақымен марапатталды.


5.1. Үйірме жұмыстары

2024-2025 оқу жылында «Жалпы білім беретін пәндер» ПЦК – да 3 үйірме жұмысы ұйымдастырылған.

Кесте 5.1. Үйірмелер кестесі.

Үйірме атауы
орындалу мерзімі
Жауапты жетекшілер

«Тіл мәдениеті» үйірмесінің жұмыстарын жүргізу
оқу жылы бойы
Ерназарова Л.Ұ.

«Қызықты эксперимент әлемінде» үйірмесінің жұмыстарын жүргізу
оқу жылы бойы
Құралбек Ж.М.

«Тайны русского языка» үйірмесінің жұмыстарын жүргізу
оқу жылы бойы
Найзабекова С.С.

Үйірмелер бекітілген жоспар бойынша (25.08.2024ж.) әр түрлі бағытта жұмыс атқарады:
а) арнайы білімдерін тереңдету;
ә) зерттеу жұмыстары;
б) дидактикалық материалдар дайындау;
в) әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыру;

«Тіл мәдениеті» үйірмесі МД-24-9К, ББ-24-9К1, ББ-24-9К2, ДШ-24-9К1, ДШ-24-9К2, АКТ-24-9К, БҚЕ-24-9К1, БҚЕ-24-9К2, БҚЕ-24-9К3 топтарының студенттерінен құралған. Үйірме мүшелерінің жалпы саны 30 студент.
Үйірме отырысы айына бір рет, әр айдың соңғы бейсенбісінде өткізіледі және үйірменің жұмыс жоспарына сәйкес тапсырмалар орындалады. Есепті кезеңде барлығы 6 мәжіліс өтті. Онда студенттердің қарым-қатынас этикасы, қағидалары, педагогикасы мен психологиясы бойынша түрлі буклеттер, презентациялар, слайд шоулар және әртүрлі тақырыпта баяндамалар орындалды.
«Тайны русского языка» үйірмесі МД-24-9К, ББ-24-9К1, ББ-24-9К2, ДШ-24-9К1, ДШ-24-9К2, АКТ-24-9К, БҚЕ-24-9К1, БҚЕ-24-9К2, БҚЕ-24-9К3 топтарының студенттерінен құралған. Үйірме мүшелерінің жалпы саны 30 студент.
Студенттерге ағылшын және орыс тілдерінің қолданылу аясы туралы, олардың қолданылу ерекшеліктері туралы жүйелі түрде түсіндірілді, коммуникативтік құзіретінің төмендеуі мен өсуінің психологиялық себептерін талдай білуге, қазіргі қоғамдағы қарым-қатынастың психологиялық аспектілерінің орны мен ролін айқындауға машықтандырды.
«Қызықты эксперимент әлемінде» үйірмесі биология және химия пәндеріне ерекше қызығушылығы бар студенттерге арналған. Үйірме МД-24-9К, ББ-24-9К1, ББ-24-9К2, ДШ-24-9К1, ДШ-24-9К2, АКТ-24-9К, БҚЕ-24-9К1, БҚЕ-24-9К2, БҚЕ-24-9К3 топтарының студенттерінен құралған. Үйірме мүшелерінің жалпы саны 30 студент.
Үйірменің жұмысы студенттердің химия және биология пәндерін тереңдетіп оқытуға,сонымен тәжірибелік жұмыстар жүргізу арқылы процестердің қалай жүзеге асатынын анықтауға, зерттеу нәтижесінде қандай құбылыстар орын алғанын бейнелеп сипаттауға бағытталған.

6. Ғылыми-әдістемелік жұмыстар

«Жалпы білім беретін пәндер» ПЦК бойынша 2024-2025 оқу жылында жоспарланған ғылыми-әдістемелік бірнеше жұмыстар дайындалды.
Ғылыми-әдістемелік жұмыстар оқытушылардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, оқу және тәрбие процесін қамтамасыз ету және жаңғырту, ғылым мен білімді интеграциялау мақсатында жүзеге асырылады.
Түрлі республикалық байқауларға қатысып, жетістіктерге жеткен оқытушылар да бар. Олар:
  1. Математика пәнінің оқытушысы Әміртаева Ж.Н. «Математика сабағында деңгейлік саралап оқыту технологиясы» тақырыбында материалдар жинақтап, мақала «Колледж жаршысы Вестник колледжа» Республикалық педагогикалық журналының 2024 жылғы №5-6 санына жарияланды. Мақала жарияланғанын растайтын СЕРТИФИКАТ берілді.
  2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Шалабаева К.А. «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалымен бөлісіп, белсенділік танытып АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды және оқу әдістемелік материал жариялағанын растайтын СЕРТИФИКАТ берілді.
  3. Тарих пәнінің оқытушысы Асанбаева А.Д. «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалымен бөлісіп, белсенділік танытып АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды және оқу әдістемелік материал жариялағанын растайтын СЕРТИФИКАТ берілді.
  4. Физика пәнінің оқытушысы Илебаева И.С. «Білім әлемі» Республикалық педагогикалық ғылыми – әдістемелік журналына мақала жариялап, арнайы дипломмен және өзінің материалын шығарып жарияланғанын растайтын сертификатпен марапатталды.
  5. Биология және химия пәнінің оқытушысы Құралбек Ж. «Бүгінгі ұстаз таңы» Республикалық ғылыми-әдістемелік шығармашылық бағыттағы журналына өз тәжірибесімен бөлісіп педагогикалық материал ұсынғаны үшін Сертификат және Құрмет грамотасымен марапатталды.
  6. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бегалиева Б.Ж. сәуір айында Шымкент қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен "Рефлексивтік тәжірибеден тұрақты кәсіби дамуға" атты тәжірибе алмасу конференциясына қатысып, "Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында цифрлық технологияларды қолданудың ерекшеліктері" тақырыбында баяндама оқыды. Баяндаманың мақсаты – оқу үдерісінде цифрлық технологияларды тиімді қолдану арқылы білім алушылардың танымдық қабілеттерін арттырып, пәнді оқыту сапасын жақсарту. Баяндама 2025 жылдың сәуір айында баспаға ұсынылып, мамыр айында «Педагогикалық шеберлік» атты республикалық ғылыми-әдістемелік журналда жарияланды.
  7. Тарих пәнінің оқытушысы Гафур М.Б. Республикалық педагогикалық ғылыми - әдістемелік журналына «Кенесары Қасымұлының қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысындағы тарихи рөлі:зерттеу мәселелері ,оқу және оқыту әдістемесі» тақырыбында мақаласы жарияланды.
  8. Тарих пәнінің оқытушысы Мырзабай М. «Бүгінгі ұстаз таңы» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Мемлекеттік егенмендікті қалпына келтіру жолындағы Қазақ халқының күресі» тақырыбында мақала жариялап, алғыс хатпен марапатталды.
  9. Шетел тілі пәнінің оқытушысы Ерназарова Л.У. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментіне «EDU STEAM»ЖШС-нан 2024 жылғы 12 желтоқсанда халықаралық спикер, ELTлектор-оқытушы, Konstantinos Soursos мырзаның қатысуымен өтілген ,«MEDIATION» тақырыбында, ағылшын тілі оқытушыларына арналған онлайн вебинарға қатысты. Аталған вебинар мақсаты ағылшын тілі мұғалімдерінің түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудағы педагогикалық шеберлігі мен мұғалімнің құзіреттілікке негізделген іс-әрекетінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ сабақ барысында табысқа жету үшін қажетті ақпарат құралдар мен өмірлік дағдыларды дамыту жолдарын көрсету. Іс-шара соңында сертификат берілді.
  10. Информатика пәнінің оқытушысы Ильясов Б.Е. ғылыми-практикалық конференцияға «Информатика - қоғамның ақпарат негізі» тақырыбында мақала ұсынды. Мақала жарияланғанын растайтын сертификат берілді.
  11. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Мыңбаева Г.Р. Қазақстан Ұстаз Ұлағаты Жаңаша білім беру мазмұнында инновациялық технологияларды пайдалану арқылы «Білім әлемі» баспа бетіне « Цветопись в романе Ф.М. Достоевского «Преступление и наказание»»атты мақала жариялап, сертификат пен диплом берілді.
  12. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Найзабекова С.С. сәуір айында «Қазақстан ұстазы ұлағаты» атты журналға, № 4 шығарылымда «Развитие навыков функциональной грамотности на уроках русского языка и литературы» атты мақаласы жарық көрді.
  13. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Сарсенбай Г. «Шешендік өнер тарихы мен зерттелуі» тақырыбында мақала жариялап, арнайы сертификатпен марапатталды.
  14. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Шалабаева К.А. «Педагогикалық шеберлік» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік журналға «Бiлiм берyдегi жаcанды интеллекттiң рөлi» тақырыбында ғылыми мақала ұсынып, аталған журналдың 2025 жылдың маусым айындағы №4 санында жарыққа шықты. Журнал редакциясының атынан «Елімізде қолданыстағы алдыңғы қатарлы теориялық идеяларды, қағидаларды, әдістерді оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне енгізуде ерекше тапқырлық танытып, оқытудың жаңашыл үлгілерін көрсеткені үшін» Мадақтама және «Заман талабына сай оқытудың креативті әдістерін қолдануда шеберлік танытып, озық тәжирибесімен бөлісіп, дербес педаогикалық әрекетінде ізденімпаздық пен тапқырлық танытып, білім берудің жаңа бағыттарын айқындауға қосқан үлесі үшін» Алғыс хаты берілді.


Кесте 6.1 Ғылыми-әдістемелік жұмыстардың орындалуы

6.1 Оқытушылардың ғылыми-әдістемелік жұмыстары

р/с
Орындалатын
іс-шаралар
Орындалу мерзімі
Жауапты
Орындалуы туралы белгі

1
«Бiлiм берyдегi жаcанды интеллекттiң рөлi» тақырыбында мақала ұсыну
оқу жылы барысында
К.А.Шалабаева
орындалды

2
«Әдебиет әдістемесінің басқа ғылымдармен
байланысы» тақырыбында мақала ұсыну
оқу жылы барысында
Д.Қ.Елтаев
орындалды

3
«Игровые технологии на уроках русского языка» тақырыбында мақала ұсыну
оқу жылы барысында
С.С.Найзабекова
орындалды


«Шешендік өнер тарихы мен зерттелуі»
тақырыбында мақала жариялау
оқу жылы барысында
Г.Ә.Сарсенбай
орындалды

4
«Математиканың басқа ғылымдармен өзара байланыстары» тақырыбында мақала ұсыну
оқу жылы барысында
Ж.Н.Әміртаева
орындалды

5
«Информатика - қоғамның ақпарат негізі» тақырыбында мақала ұсыну
оқу жылы барысында
Б.Е.Ильясов
орындалды

6
«Биотехнология мен гендік инженерияның дамуы: бүгіні мен келешегі» тақырыбында мақала ұсыну
оқу жылы барысында
Ж.М.Құралбек
орындалды

7
«Климат картографиясы: карталар арқылы экологиялық өзгерістер көрінісі» тақырыбында мақала ұсыну
оқу жылы барысында
А.А.Қошқар
орындалды

8
«Кенесары Қасымұлының қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысындағы тарихи рөлі:зерттеу
мәселелері ,оқу және оқыту әдістемесі» мақала ұсыну
оқу жылы барысында
М.Б.Гафур
орындалды

9
«Тарих пәнінен білім берудің сапасын жетілдіру» тақырыбында мақала ұсыну
оқу жылы барысында
М.А.Мырзабай
орындалды


1.
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнін оқытуда көрнекіліктердің маңызы және оларды пайдаланудың тиімділігі
оқу жылы барысында
Абдураимова Жұлдыз,
ББ-23-9К2 тобының студенті,
ғылыми жетекшісі Шалабаева К.А.
орындалды

2.
М.Шаханов шығармаларындағы ұлттық құндылық
1-жартыжылдық
Альзах Айдана,
ББ-24-9К1
тобының студенті,
ғылыми жетекшісі Бегалиева Б.Ж.
орындалды

3.
Орыс тілі және әдебиеті сабағында жаңартылған технологияларды қолдану әдістері
сәуір
Балғабай Алина,
БҚЕ-24-9К1 тобының студенті,
ғылыми жетекшісі Мынбаева Г.Р.
орындалды

4.
Tourism of Kazakhstan. Beautiful and historical places of Kazakhstan
қазан
Нұржігіт Сая Олжасқызы,
ББ-22-9К тобының студенті,
ғылыми жетекшісі Ерназарова Л.У.
орындалды

5.
The importance of using games and modern technologies at English lessons
оқу жылы барысында
Умирбеков Әділхан,
БҚЕ-24-9К2 тобының студенті,
ғылыми жетекшісі Ерназарова Л.У.
орындалды

6.
«Сила книги: как чтение формирует наше знание и мировосприятие»
оқу жылы барысында
Сейджаппарова Алина,
БҚЕ-24-9К1 тобының студенті,
ғылыми жетекшісі Найзабекова С.С.
орындалды

7.
Шешендік өнер тарихы мен зерттелуі.
оқу жылы барысында
Жеңісқызы Назгүл,
БҚЕ-24-9К3 тобының студенті,
ғылыми жетекшісі Сарсенбай Г.Ә.
орындалды


Математика бастамалары және шығу тарихы
оқу жылы барысында
Жаксилыков Бекзат Бақытжанұлы, БҚЕ-24-9К3 тобының студенті, ғылыми жетекшісі Әміртаева Ж.Н.
орындалды


Stepik интерактивті білім беруге арналған платформасында курс жасақтау
оқу жылы барысында
Ермахан Нұржігіт Жанабайұлы, БҚЕ-24-9К1 тобының студенті, ғылыми жетекшісі Ильясов Б.Е.
орындалды


Физика пəнінен оқушылардың өздігінен тақырыптар бойынша білім алу дағдыларын қалыптастыру.
сәуір
Елемес Гүлзат, БҚЕ-24-9К3 тобының студенті, ғылыми жетекшісі Илебаева И.С.
орындалды


Конус және оның элементтерін техникалық-технологиялық процесте қолдану
оқу жылы барысында
Балғабай Айдын, ББ-24-9К2 тобының студенті, ғылыми жетекшісі Бекбенов Н.Р.
орындалды

8.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде биологияда инновациялық технологияларды жетілдіру
сәуір
Абдуалы Бақберген,
ДШ-24-11К1 тобының студенті,
ғылыми жетекшісі Балғабекова А.М.
орындалды

9.
«Биотехнология мен гендік инженерияның дамуы: бүгіні мен келешегі»
сәуір
Қалдыбай Сырым Бахтиярұлы, ББ-24-9К1 тобының студенті,
ғылыми жетекшісі Құралбек Ж.М.
орындалды

10.
ХХІ ғасыр соңындағы жердің демографиялық портреті
оқу жылы барысында
Исматулла Айжан, МД-24-9К тобының студенті,
ғылыми жетекшісі Қошқар А.А.
орындалды

11.
Қазақ тарихындағы билердің мұрасы
оқу жылы барысында
Сатек Гулжан, МД-24-9К тобының студенті,
ғылыми жетекшісі Гафур М.Б.
орындалды

12.
Тарих пәнін оқытуда қолданылатын әдістердің ерекшеліктері
оқу жылы барысында
Абдрахман Ерасыл Ермекбайұлы, ДШ-24-9К1 тобының студенті,
ғылыми жетекшісі Мырзабай М.А.
орындалды



Кестеде көрсетілгендей, 2024-2025 оқу жылында бөлім оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша біршама жетістіктерге қол жеткізді.
Атап айтқанда, бірнеше оқытушылардың мақалалары жарыққа шығып, тиісінше үздік жұмыстары үшін арнайы Сертификаттар мен Алғыс хаттарға ие болды.
Сондай-ақ, студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарына жетекшілік жасап, нәтижелі еңбек көрсеткен оқытушылар қатары да аз емес. ПЦК оқытушылары түрлі республикалық байқауларға қатысып, жетістіктерге жеткен оқытушылар да бар. Атап айтсақ, оқытушылар Асанбаева А.Д., Мыңбаева Г.Р., Бегалиева Б.Ж., Илебаева И.С., Ильясов Б., Сарсенбай Г «Тәуелсіз елдің асқақ рухы» атты студенттер арасындағы IV республикалық эссе байқауына қатысып, «Талантты да дарынды шәкірттерге шығармашылық қолдау білдіріп, педагогикалық білім жолында жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие берудегі жетістіктері үшін» Құрмет грамотасымен, дипломдармен, алғыс хаттармен, сонымен қатар, «Мәртебелі маман», «Білім беру саласының үздігі» төсбелгілерімен және куәліктерімен марапатталды.
Сонымен қатар, ПЦК оқытушылары Қалыбай Ұ.Н., Қошқар А.А., Ильясов Б.Е., Илебаева И.С. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының вице-президенті А.Жұмахметтің «Білім беру ұйымдары үшін оқу бағдарламаларын өзектендіру жұмысына қатысқаныңыз үшін» Алғыс хатымен марапатталды.

Қорыта келгенде, 2024-2025 оқу жылындағы барлық бағыттар бойынша жоспарланған іс-шаралар толығымен орындалды.
Жалпы, «Жалпы білім беретін пәндер» ПЦК жұмыстары қанағаттанарлық деуге болады.