Ауелбекова Жансая Жаңабайқызы
"Гуманитарлық" ПЦК төрағасы








Гуманитарлық пәндік-циклдік комиссиясының жұмысы 2024-2025 оқу жылына бекітілген жұмыс жоспары бойынша жүргізілді.
Бөлім бірнеше мамандықтар бойынша базалық және кәсіби пәндердің жұмыс оқу бағдарламаларын даярлайтын, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие және педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жұмыстарын жүргізетін колледждің негізгі құрылымдық бөлімі болып табылады.
Гуманитарлық-бөлім құрамында жалпы саны 17 оқытушы жұмыс жасайды. Олардың қатарында ғылым кандидаты, PhD докторы, аға оқытушылар мен магистрлер бар. Әрбір оқытушыға оқу жылының басында педагогикалық жүктемелері бөлініп, тиісті пәндері бекітіліп берілген. Сәйкесінше олар дербес жоспар толтырып, сол жоспардың негізінде жұмыс атқарып келеді.
2024-2025 оқу жылында бөлімнің негізгі жұмысы оқытушылардың әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыруға, сонымен қатар білім алушыларға теориялық және практикалық тұрғыдан сапалы білім беруге, олардың ғылыми-ізденіс жұмыстарына бағыт-бағдар беріп, жетекшілік жасауға бағытталды.
Бөлім жұмысын талқылау және сәйкесінше шешімдер қабылдау үшін бөлімге қарасты барлық оқытушылардың қатысуымен айына бір рет кезекті мәжіліс өткізіліп отырады, тиісінше хаттама толтырылады.

  1. Оқу жұмыстары мен сағаттардың орындалуы

Гуманитарлық-педагогикалық бөлім бойынша оқу жылының 1-жарты жылдығында жалпы сағат жоспарланған. Бөлім оқытушылары дербес жүктемелерінде 1-жарты жылдық бойынша жоспарланған барлық сағаттарды толығымен орындады. Айырмашылық сағат немесе артығымен орындалған сағаттар орын алған жоқ (кесте 1.1).

Кесте 1.1 Педагогикалық жүктеменің орындалуы

Р

Оқытушының аты-жөні

педагогикалық жүктеме

Айырмашы
лық сағат
1-жарты жылдықта жоспараланған сағат саны
Орындалған сағат саны
1 Сугурбекова Раушан Алтынбековна
930

-
2 Жахангер Айаулым Мұратқызы
567

-
3 Сайымбекқызы Айжан
459

-
4 Кәдірқұлов Абылайхан Асанқұлұлы
408

-
5 Кулпешов Нұрбол.
372

-
6 Жарылкасынов Абай Бегалиевич
240

-
7 Қайратұлы Жәнібек
354

-
8 Әбдіманап Нурила Нұртасқызы
324

-
9 Курбанали Дарын Асқарұлы
444

-
10 Малдыбаев Нурсултан Джусупович
672

-
11 Балхашов Дауренбек Тойшыбекович
528

-
12 Ахмедов Нурлан Захидович
492

-
13 Пулатов Бекарыс Наурызбаевич
432

-
14 Бекзатов Алмасхан Асилханович
216

-
15 Сұлтан Бақытжан Сұлтанұлы
564

-
16 Исаев Серик Бейсенбекович
192

-
17 Әли Жүрсінбек Әбдіқадырұлы
516

-
1-ші жарты жылдықта жоспарланған барлық сағат саны


-

ІІ. Оқу-әдістемелік жұмыстар
Оқытушының педагогикалық шеберлігін жетілдірудің бір бөлігі – әдістемелік жұмыс. Әдістемелік жұмыс пәндерді оқыту әдістерін жоғары деңгейге көтеруге және талдауға бағытталған.
Бөлім оқытушылары 2023-2024 оқу жылының І-жарты жылдығында оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша біраз еңбек атқарды. Атап айтқанда, оқытылатын пәндер бойынша оқу жұмыс бағдарламалары, ашық сабақтардың әзірлемелері (разработка), әдістемелік нұсқаулықтар, әдістемелік баяндамалар, т.б. дайындады.
Есепті кезеңдегі бөлімнің оқу-әдістемелік жұмысының нәтижелері келесі кестеде (кесте 2.1) көрсетілген:


Кесте 2.1 Оқу-әдістемелік жұмыстардың орындалуы


Орындалатын
іс-шаралар
Орындалу
мерзімі
Жауапты
Орындалға
ны туралы белгі
Пәндердің оқу жұмыс бағдарламалары
«Тұлғаның жасқа байланысты эмоционалды процестерінің ерекшеліктері»
Тамыз
қыркүйек
Сугурбекова Р.А.
орындалды
«Іскерлік дағдыларды дамыту бойынша әдістер мен тәсілдер қолдану»
Тамыз
қыркүйек
Ахмедов Н.З.
орындалды
«Оқыту сапасының өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау»
Тамыз
қыркүйек
Әбдіманап Н.Н.
орындалды
«Педагогикалық процестің барысы мен нәтижелерін болжау әдістемесін қолдану»
Тамыз
қыркүйек
Қайратұлы Ж.
орындалды
«Денсаулықты нығайтуға бағытталған оқу ортасын және сыныптағы эмоционалды –психологиялық қолдау»
Тамыз
қыркүйек
Әбдіманап Н.Н.
орындалды
«Заманауи педагогикалық даму бағыттары мен тенденциялары»
Тамыз
қыркүйек
Жахангер А.М.
орындалды
«Эстафеталық ойындар тақырыбында»
Тамыз
қыркүйек
Малдыбаев Н.Ж
орындалды
«Туризм мен Саяхаттар және жорықтар ұйымдастыру»
Тамыз
қыркүйек
Балхашов Д.Т.
орындалды
«Рефлексивті қызметінің тиімділігін,өнімділігін зерттеу»
Тамыз
қыркүйек
Кулпешов Нұрбол.
орындалды
«Денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын қағидаттарын сақтау»
Тамыз
қыркүйек
Курбанали Д.А.
орындалды
«Оқытудың дәстүрлі және инновациялық техногияларының ерекшеліктерін сипаттау»
Тамыз
қыркүйек
Пулатов Б.Н.
орындалды
«Білім алушылардың дене дайындығын дамытудағы заманауи технологиялардың рөлі»
Тамыз
қыркүйек
Бекзатов А.А.
орындалды
«Спорттық саяхаттар мен сапарларды ұйымдастыру»
Тамыз
қыркүйек
Сұлтан Б.С.
орындалды
«Гимнастика сабақтарын өткізу»
Тамыз
қыркүйек
Исаев С.Б.
орындалды
«Жүзу техникасын қолдану»
Тамыз
қыркүйек
Әли Ж.Ә.
орындалды
«Жылжымалы және ұлттық ойындарды,ойын және тәсілдерін қолдану»
Тамыз
қыркүйек
Жарылкасынов А.Б.
орындалды
Ашық сабақтар әзірлемесі (разработка)
ОН 1.1 «Эмоциялар мен сезімдер туралы жалпы ұғым»
қыркүйек
Сугурбекова Р.А.
орындалды
«Дене тәрбиесі» пәнінен «Волейбол ойынында допты ойынға қосу тәсілдері»
қыркүйек
Ахмедов Н.З.
орындалды
«Дене тәрбиесі» пәнінен «Дене шынықтыру арқылы псиологиялық және физикалық тепе-теңдікті сақтау»
қыркүйек
Әбдіманап Н.Н.
орындалды
«Дене тәрбиесі» пәнінен «Спорт денсаулық кепілі»
қыркүйек
Қайратұлы Ж.
орындалды
ОН 2.2 «Интербелсенді оқыту технологиясы»
қыркүйек
Жахангер А.М.
орындалды
«Дене тәрбиесі» пәнінен «Эстафета ойындарының негізгі құралдары»
қыркүйек
Малдыбаев Н.Ж
орындалды
«Дене тәрбиесі»пәнінен «Ганболдағы командалық тактика»
қыркүйек
Балхашов Д.Т.
орындалды
«Дене тәрбиесі» пәнінен «Қол добы ойыны,допты қақпаға лақтыру тәсілдері»
қыркүйек
Кулпешов Нұрбол.
орындалды
«Дене тәрбиесі» пәнінен «Спорттық жарақаттар,алдын алу және алғашқы көмек»
қыркүйек
Курбанали Д.А.
орындалды
Дене тәрбиесі» пәнінен «Волейбол ережесін түсіндіру»
қыркүйек
Пулатов Б.Н.
орындалды
Дене тәрбиесі» пәнінен «Баскетбол тарихын түсіндіру»
қыркүйек
Бекзатов А.А.
орындалды
«Дене тәрбиесі» пәнінен «Спорттық ойындар және олардың пайдасы»
қыркүйек
Сұлтан Б.С.
орындалды
Дене тәрбиесі» пәнінен «Футбол оң аяқ пен допты тосып алу»
қыркүйек
Исаев С.Б.
орындалды
Дене тәрбиесі» пәнінен «Жарақат алу кезіндегі алғашқы көмек»
қыркүйек
Әли Ж.Ә.
орындалды
«Көкпар ойының шығу тарихы»
қыркүйек
Жарылкасынов А.Б.
орындалды
«Дене тәрбиесі» пәнінен «Қозғалыс қызметтерін қалыптастыру мен жетілдіру»
қыркүйек
Кәдірқұлов А.А
орындалды
ОН 1.3 «Денсаулықтты нығайтуға бағыталған оқу ортасын және сыныптағы эмоционалды-психологиялық климатты қолдау»
қыркүйек
Сайымбекқызы А.
орындалды
Әдістемелік нұсқаулықтар

Жеке адамның таным үрдістерінің,эмоционалдық үрдістерінің ерекшеліктерін меңгеру.
қараша
Сугурбекова Р.А.
орындалды
Дене тәрбиесі пәнін оқытудың әдістемелік нұсқаулығы.
қараша
Ахмедов Н.З.
орындалды
«Спорттық жаттықтыру кезеңдері»
қараша
Әбдіманап Н.Н.
орындалды
«Жүру түрлері»
қараша
Қайратұлы Ж.
орындалды
Оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологияларының ерекшеліктерін сипаттау.
қараша
Жахангер А.М.
орындалды
«Арнайы дене жаттығулары»
қараша
Малдыбаев Н.Ж
орындалды
«Жарыс және жарысқа дайындық»
қараша
Балхашов Д.Т.
орындалды
«Балалар саяхатын ұйымдастыру»
қараша
Кулпешов Нұрбол.
орындалды
«Жеңіл атлетика түрлерінің жүктемесі»
қараша
Курбанали Д.А.
орындалды
Дене тәрбиесіндегі жаңа әдістемелер мен инновациялар.
қараша
Пулатов Б.Н.
орындалды
Дене тәрбиесіндегі қауіпсіздік шаралары.
қараша
Бекзатов А.А.
орындалды
«Балалар саяхатын ұйымдастыру»
қараша
Сұлтан Б.С.
орындалды
Дене тәрбиесінің психологиялық аспектілері.
қараша
Исаев С.Б.
орындалды
Әртүрлі жас топтарында дене тәрбиесін ұйымдастыру
қараша
Әли Ж.Ә.
орындалды
«Жүзудің әдісін үйрету»
қараша
Жарылкасынов А.Б.
орындалды
«Төрешілік ету ережелері»
қараша
Кәдірқұлов А.А
орындалды
Педагогикалық этика негіздері пәнін оқытудың әдістемелік нұсқаулығы.
қараша
Сайымбекқызы А.
орындалды

Кестеде көрсетілгендей бөлімнің бірқатар оқытушылары алдын-ала бекітілген тақырыптар бойынша ашық сабақтардың әзірлемесін дайындады және күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай ашық сабақтарын өткізді. Ашық сабақтарға колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, әдіскер, бөлім меңгерушілері және басқа да оқытушылар қатысып отырды. Сабақ соңында талдау жасалып, тиісті қорытынды шығарылды.
Сонымен қатар, бірнеше әдістемелік нұсқаулар дайындалды және олар күнделікті сабақ барысында көмекші құрал ретінде қолданылып келеді.

ІІІ. Оқу процесіне ендірілген оқытудың белсенді формалары мен әдістері

Оқытушылардың негізгі міндеттерінің бірі - оқушыларды жоғары ғылыми және тәжірибелік деңгейде оқыту; өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау; оқытудың тиімді формалары мен жаңа технологиялық әдістерін қолдану.
2024-2025 оқу жылында бөлім оқытушылары оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін қолданып сабақтар өткізді: сайыс сабағы, дебат сабақ, ойын сабағы, конкурс-сабақ, конференция сабағы, рөльдік ойындар сабағы, сұрақ-жауап сабағы, түрлі тақырыптарда интеллектуалды олимпиадалар, т.б. Сонымен қатар, интерактивті тақтаны, пәндер бойынша электронды оқулықтарды, түрлі презентацияларды сабақ барысында пайдаланып отырды.
Сабақтың сапасын арттыру мақсатында көрнекі құралдар альбомын, тақырып бойынша үлестірмелі кестелер, бақылау сұрақтарын, тест жинақтарын, тірек сызбалар, практикалық жұмыстар тапсырмаларын, электронды презентациялар, слайд шоулар және т.б. дайындады (кесте 3.1).

Кесте 3.1 Сабақтың сапасын арттыру бойынша жұмыстар

Орындалатын
іс-шаралар
Орындалу
мерзімі
Жауапты
Орындалға
ны туралы белгі
Педагогикалық эксперимент

Өзін-өзі тест тапсырмалары арқылы бағалау
Жыл бойы
Барлық оқытушылар
орындалды
Студенттерге үй тапсырмасын орындау барысында презентация, слайд-шоу орындау арқылы жаңа технологияларды меңгерту

Жыл бойы
Барлық оқытушылар
орындалды
Жеке тапсырмалар беру арқылы оқушылардың ізденіс іс-әрекетін дамыту
Жыл бойы
Барлық оқытушылар
орындалды
Студенттердің білімін бекіту мақсатында өтілген тақырыптар бойынша сызбалар құрастыру, құқықтық құжаттар үлгісін жасау арқылы бағалау
оқу жылының 1-жж.
Қосайбеков А.
орындалды
«Ашық ауада өткізілетін сабақтардың ерекшеліктері мен артықшылықтары»
оқу жылының 1-жж.
Әбдіманап Н.Н
орындалды
«Волейбол ойынында алаңдағы қимыл-қозғалыстарды қалыптастыру»
оқу жылының 1-жж.
Ахметов Н.З
орындалды
«Дене шынықтыру арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру»
оқу жылының 1-жж.
Кәдірқұлов А.А
орындалды
«Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің рөлі»
оқу жылының 1-жж.
Сұлтан Б.С
орындалды
«Педагогикалық такт, педагогикалық ережелерін сақтау» пәнінен ДШ-22-9К2 тобында «Педагогикалық әдеп» атты интеллектуалды ойын сабағын өткізу
қазан
Сайымбекқызы А.
орындалды
«Оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологияларының ерекшеліктерін сипаттау» пәнінен ДШ-23-11К1 тобында «Педагогикадағы тұлға дамуына байланысты проблемалар» атты интеллектуалды ойын сабағын өткізу
қараша
Жахангер А.М.
орындалды

ІV. Педагогикалық тәжірибе алмасу, өзара сабаққа қатысу

Бөлім оқытушылары тәжірибе алмасу мақсатында және жас мамандардың сабақ өту әдісін саралау мақсатында өзара сабақтарға еніп, сараптама жасады. Әр оқытушының жалпы сабақты ұйымдастыруы, сабақ өту әдісі, педагогикалық шеберлігі мен дағдылары, заманауи ақпараттық-техникалық құралдарды, жаңа педагогикалық технологияларды сабақ барысында қолдану тәжірибесі т.б. көрсеткіштері бойынша талдау жасалып, жазбаша түрде мәлімет берілді (кесте 4.1).

Кесте 4.1 Өзара сабаққа қатысу кестесі

Оқытушының
аты-жөні
Сабаққа қатысатын оқытушылар
Қатысу мерзімі
Ескерту
  1. 1
Сұлтан Б.С
Кәдірқұлов А.А
Елтаев Д.Қ
Қараша
орындалды

Әбдіманап Н.Н
Сатенова Г.А Кәдірқұлов А.А
Қазан
орындалды

Балхашов Д.Т
Жарылқасын А.Б
Қайратұлы Ж.
Қазан
орындалды

Сайымбекқызы А.
Асылбекова Г.С., Сугурбекова Р.А.
Қараша
орындалды

Жахангер А.М
Әбдуалы К.
Әуелбекова Ж.
Қазан
орындалды

Қайратұлы Ж.
Ахмедов Н.З
Әбдіманап Н.Н
Қараша
орындалды

Ахмедов Н.З
Булегенов Д.
Балхашов Д.
Қазан
орындалды

Кулпешов Н.
Сұлтан Б.
Курбанали Д.
Қараша
орындалды

Сугурбекова Р.А
Сайымбекқызы А.
Шалабаева К.
Қазан
орындалды

Малдыбаев Н.
Қайратұлы Ж.
Кәдірқұлов А.А
Қараша
орындалды

Жарылқасын А.
Бариков Д.,
Кәдірқұлов А.А.
Қазан
орындалды

Курбанали Д.
Жарылқасын А.
Әбдіманап Н.Н
Қараша
орындалды

Кәдірқұлов А.А
Жарылқасын А.
Сатенова Г.
Қазан
оырндалды

Әли Ж.
Курбанали Д.
Сұлтан Б
Қараша
орындалды

Пулатов Б.
Ахмедов Н.
Кәдірқұлов А.
Қазан

орындалды

Исаев С.
Малдыбаев Н.
Қайратұлы Ж.
Қараша
орындалды

Қолдасова М.
Әбдіманап Н.Н
Малдыбаев Н.
Қазан
орындалды

Өзара сабақтарға қатысу барысында анықталған кейбір кемшіліктер өз уақытында жойылып, оқытушылар тиісті нәтижелер шығара білді.
Жалпы, бөлім оқытушыларының білім беру деңгейлері қанағаттанарлық, барлық талаптарға сай деп есептеуге болады.

V. Педагогикалық шеберлік пен іскерлік біліктілікті арттыру

Педагогикалық шеберлік пен іскерлік біліктілікті арттырудың мақсаты – оқытушылардың өз қызметін нәтижелі атқаруы үшін және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында арнайы оқу бағдарламалары арқылы оқыту, кәсіби даму іс-шараларына қатыстыру және өз білімін көтеру болып табылады. Педагогтердің біліктілігін арттыру – оқыту және оқытудың сапасын арттыру үшін жаңа білім алуға, сондай-ақ бұрын алған кәсіби білімдерін, біліктерін, дағдылары мен құзыреттерін арттыруға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік береді. Осы мақсатта бөлім оқытушылары біліктілік арттыру курстарынан өтіп, білімдерін жетілдіріп отырады.
2023-2024 оқу жылының 1-жарты жылдығында Гуманитарлық-педагогикалық бөлім бойынша біліктілік арттыру курстарынан өткен оқытушылар туралы мәлімет 5.1-кестеде көрсетілген.

Кесте 5.1 Біліктілікті арттыру
2024-2025 оқу жылының 1-жарты жылдығында «Гуманитарлық» ПЦК бөліміне қарасты бірнеше оқытушылар өз мамандықтары бойынша біліктілік арттыру курстарынан оқу жылының 2-семестрге жоспарда бар.

Сонымен қатар, бөлім оқытушылары оқу жылы барысында әртүрлі онлайн олимпиадаларға қатысып отырады және оң нәтиже көрсетіп, түрлі деңгейдегі дипломдар мен сертификаттарға ие болды.
Атап айтсақ, 2024 жылдың қазан айында оқытушы «Гуманитарлық» бөлімнің «Дене тәрбиесі және спорт» пәнінің оқытушылары «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда өз мақалаларын жариялады және де арнайы Сертификатқа ие болды.
Оқытушы Жарылкасыноа А.Б қазан айында «ПЕДАГОГИКА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ» Республикалық ғылыми-әдістемелік басылымына «Дене белсенділігінің биологиялық» тақырыбында оқу әдістемелік материал жариялап, арнайы Сертификатпен, желтоқсан айында.
Оқытушы Жахангер А.М. қараша айында Халықаралық Өрлеу ғылыми-ақпараттық, танымдық журналы ұйымдастырған «Педагогика – менің таңдауым» атты байқауына қатысып, үздік жұмысы үшін арнайы Сертификатпен және Алғыс хатпен марапатталды.

VІ. Тәрбие жұмыстары және қоғамдық-мәдени іс-шаралар

Бөлім оқытушылары колледждің 2024-2025 оқу жылына арналған тәрбие жұмыстарының жоспарына сәйкес өткізіліп жатқан іс шараларға белсене араласып, қатысып отырды. Сондай-ақ, барлық аудиториядан тыс жұмыстардың (конкурс, кездесу, жарыс, семинарлар т.б.) ұйымдастырылуына атсалысты.
Сонымен қатар, тәлімгерлік топ студенттеріне бағыт-бағдар беріліп, іс-шараларға қатысуына жетекшілік жасалды. Тәлімгерлер топ студенттерімен жыл бойында әр аптаның бейсенбі күндері тәлімгерлік сағат өткізіп, сабаққа қатысу, сабақ үлгерімі, тәртіптері жөнінде түсіндірме жұмыстарын үздіксіз жүргізіп отырды.
Колледждегі, қаладағы барлық мәдени және спорттық іс-шараларға қатысты. Қыркүйек айында «Қазақстан халқы тілдерінің күні» мерекесіне орай колледжде өткен «Тіл – асыл қазына» атты онкүндік аясында ұйымдастырылған іс-шараларға бөлімге қарасты мамандықтардың студенттері қатыстырылды. Бірнеше топтардың студенттері «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбында қабырға газеті конкурсына қатысып, түрлі номинациялар жеңіп алып, Алғыс хатпен марапатталды.
Нәтижесінде Дене шынықтыру және спорт мамандығының 1-курс студенті Үсенов Дидарбек бас жүлдені.
Сонымен қатар, қазан айында колледжде өткен «Алтын күз» апталығына бөлім студенттері белсене қатысып, түрлі конкурстардан жүлделі орындарға ие болып, Алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Қараша айында оқу орнымыызда өткен «Қозғалыста болу – денсаулық кепілі» атты эстафеталық сайысқа бөлім студенттері белсене қатысты.
Шымкент қаласы Білім басқармасының Дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен студенттер арасындағы дойбы сайысына бірнеше білім алушыларымыз қатысып, жалпы ұпай саны бойынша жүлделі 2-орынды иеленді.
Жеңіл атлетика сайысында студенттеріміз Абылхан Ұлдана: 400м және 600м. қашықтыққа жүгіруден 1-орын, Серік Қымбат: 400м. қашықтықтан 3-орын алды.
Сондай-ақ, ұзтаздар күніне, Республика күніне, Тәуелсіздік күніне, Жаңа жыл мерекесіне, басқа да атаулы даталарға байланысты колледж, қала көлемінде ұйымдастырылған барлық мерекелік іс-шараларға белсене қатысып отырды.

VІІ. Үйірме жұмыстары

2024-2025 оқу жылында Гуманитарлық бөлімде 2 бағытта үйірме жұмысы ұйымдастырылған.
  1. «Қарым-қатынас педагогикасы мен психологиясы» үйірмесі. Жетекшілері: Сайымбекқызы А., Жахангер А.М.
  2. Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша «Футбол» үйірмесі Жетекшісі: Қайратұлы Ж.
Курбанали Д.А.
3.Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша «Волейбол» үйірмесі
Жетекшісі:Сұлтан Б.
Жарылкасынов А.Б.
Балхашов Д.Т.
Үйірмелер бекітілген жоспар бойынша (27.08.2024ж.) әр түрлі бағытта жұмыс атқарады:
а) арнайы білімдерін тереңдету;
ә) зерттеу жұмыстары;
б) дидактикалық материалдар дайындау;
в) әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыру;
г) спорттық жарыстар ұйымдастыру.

«Қарым-қатынас педагогикасы мен психологиясы» үйірмесі ББ-23-9К,МД-22-9К топтарының студенттерінен құралған. Үйірме мүшелерінің жалпы саны 25 студент.
Үйірме отырысы айына бір рет, әр айдың соңғы сәрсенбісінде өткізіледі және үйірменің жұмыс жоспарына сәйкес тапсырмалар орындалады. Есепті кезеңде барлығы 5 мәжіліс өтті. Онда студенттердің қарым-қатынас этикасы, қағидалары, педагогикасы мен психологиясы бойынша түрлі буклеттер, презентациялар, слайд шоулар және әртүрлі тақырыпта баяндамалар орындалды.
Студенттерге қарым-қатынас психологиясының заңдылықтары туралы, олардың қолданылу ерекшеліктері туралы жүйелі түрде түсіндірілді; коммуникативтік құзіретінің төмендеуі мен өсуінің психологиялық себептерін талдай білуге; қазіргі қоғамдағы қарым-қатынастың психологиялық аспектілерінің орны мен ролін айқындауға машықтандырды.
«Былғары доп» үйірмесі «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенттерінен құралған.
Үйірменің жұмысы студенттердің денсаулықтарын нығайту, өмірлік маңызды қозғалыс біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру, эстетикалық тәрбиенің міндеттеріне сәйкес тұлғаны тәрбиелеуге, жоғары адамгершілік қасиеттерін, рух сергектігін, күші мен төзімділігін қалыптастыруға, спортпен жүйелі түрде айналысуын дұрыс жолға қоюға бағытталған.
Қазан айында кіші футболдан «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты колледжішілік турнир ұйымдастырылып, оқу топтарынан құралған бірнеше командалар арасында жарыс өтті. Нәтижесінде бөлімге қарасты мамандықтардың студенттерінен құралған бірнеше команда жүлделі орындарды жеңіп алып, арнайы Дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен, Алғыс хаттармен марапатталды.

VІІІ. Ғылыми-әдістемелік жұмыстар

Гуманитарлық бөлім бойынша 2024-2025 оқу жылының 1-жарты жылдығында жоспарланған ғылыми-әдістемелік семинар жұмысына бірнеше баяндамалар дайындалды.
Ғылыми-әдістемелік семинардың негізгі мақсаты - студенттерге ғылыми-зерттеу жұмыстардың теориялық-әдістемелік негізін түсіндіріп, жұмыстың орындалу барысымен, оқу-зерттеу жұмыстарынан күтілетін нәтижелерімен таныстыру.
Ғылыми-әдістемелік семинар оқытушылардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, оқу және тәрбие процесін қамтамасыз ету және жаңғырту, ғылым мен білімді интеграциялау мақсатында жүзеге асырылады.
Семинар жұмысына бөлім оқытушылары белсене қатысып, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, бөлім мәжілісінде талқыланып отырды.
Есепті кезеңдегі ғылыми-әдістемелік жұмыстардың нәтижелері 7.1-кестеде көрсетілген:

Кесте 7.1 Ғылыми-әдістемелік жұмыстардың орындалуы

Орындалатын
іс-шаралар
Орындалу
мерзімі
Жауапты
Орындалғаны туралы белгі
Әдістемелік баяндамалар
«Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене тәрбиесі»
1-жарты жылдық
Сұлтан Б.С
орындалды
«Спорт балалардың психологиялық жағдайына әсері»
қазан
Әбдіманап Н.Н
орындалды
«Техникалық дайындық жеңіл атлетикадағы әдістермен құралдар»
қазан
Балхашов Д.Т
орындалды
«Білім беруді ізгілендіру технологиясы»
қазан
Сайымбекқызы А.
орындалды
«Заманауи педагогиканың даму бағыттары мен тенденциялары»
қараша
Жахангер А.М
орындалды
«Спорт денсаулық кепілі»
қараша
Қайратұлы Ж.
орындалды
«Волейбол ойынында алаңдағы қимыл-қозғалыстарды қалыптастыру»
қараша
Ахмедов Н.З
орындалды
«Қол добының тактикалары»
қараша
Кулпешов Н.
орындалды
«Инклюзивті білім беру субьектілерін психологиялық-педагогикалық қолдау шарттарын ұйымдастыру»
желтоқсан
Сугурбекова Р.А
орындалды
«Эстафета ойындарының негізгі құралдар»
желтоқсан
Малдыбаев Н.
орындалды
«Дене шынықтыру арқылы өмір салтын қалыптастыру»
желтоқсан
Жарылқасын А.
орындалды
«Дене шынықтыру мен спорт сабақтары процессіндегі тәрбиелеу ерекшеліктері»
желтоқсан
Курбанали Д.
орындалды
«Дене шынықтыру арқылы салуатты өмір салтын қалыптастыру»
желтоқсан
Кәдірқұлов А.А
орындалды
« Жеңіл атлетикадағы әдістермен құралдар»
желтоқсан
Әли Ж.
орындалды
«Волейбол ойынында алаңдағы қимыл-қозғалыстарды жетілдіру»
желтоқсан
Пулатов Б.
орындалды
«Дене шынықтыру және спорт мамандығының маңыздылығы»
желтоқсан
Исаев С.
орындалды
«Жеңіл атлетикадағы құралдар»
желтоқсан
Қолдасова М.
орындалды

Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары
«Спорттық жүзу әдістері мен тәсілдері»
оқу жылы барысында
Қайратұлы Ж.
орындалды
«Сабақта ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда заманауи технологияларды қолдану»
оқу жылы барысында
Жахангер А.
орындалды
«Дене тәрбиесі сабақтарында жаңа ұғымдарды енгізу»
оқу жылы барысында
Жарылқасын А.Б.
орындалды
«Буллинг және онымен күресу жолдары»тақырыбында мақала.
желтоқсан
Сугурбекова Р.А
орындалды
«Оқушылардың дене тәрбиесіндегі икемділігін шыңдай отырып,салауатты өмір салтын насихаттау»
желтоқсан
Ахмедов Н.З
орындалды

Студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарына жетекшілік жасау

«Спорттық кроссфит жаттығулары»
қараша
Байгелова Аяна,
ДШ-23-9К тобының студенті,
ғылыми жетекшісі
Сұлтан Б.
орындалды
«Командалық көкпар ойыны ережелері»
қазан
Ыбырайымқұлов Бақберген,
ДШ-22-9К2 тобының студенті,
ғылыми жетекшісі
Жарылкасынов А.Б.
орындалды
«Дойбының денсаулыққа пайдасы.Логикалық ойлауды дамыту»
қараша
Қалдыбек Көркем,
МД-24-9К тобының студенті,
ғыл. жетекшісі Әбдіманап Н.Н.
орындалды
«Гандбол;Спортшының техникалық дағдыларын дамыту»
қараша
Рафикова София,
ДШ-24-9К3 тобының студенті,
ғылыми жетекшісі
Балхашов Д.Т.
орындалды
«Маған ұнайттын спорт,Қол добы»
қараша
Ордан Бекзат,
ДШ-23-11К1 тобының студенті,
ғыл. Жетекшісі Кулпешов Н.
орындалды
«Маған ұнайттын спорт түрі Волейбол»
сәуір
Хасанов Хасан, ДШ-24-11К1 тобының студенті,
ғыл. жетекшісі Ахмедов Н.З.
орындалды
«Менің таңдауым Волейбол»
сәуір
Үсенов Дидарбек,
ДШ-23-9К3 тобының студенті,
ғыл. жетекшісі Кәдірқұлов А.А.
орындалды
«Шахмат,Стратегия және логикалық ойлау»
сәуір
Нұрлыбек Дана,
ДШ-24-9К2 тобының студенті,
ғыл. жетекшісі Курбанали Д.А.
орындалды
«Эмоционалды интеллект»
сәуір
Абдуали Бақберген,
ДШ-24-11К2 тобының
студенті,
ғыл. жетекшісі Сугурбекова Р.
орындалды







Кестеде көрсетілгендей, 2024-2025 оқу жылының 1-жарты жылдығында бөлім оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша біршама жетістіктерге қол жеткізді.
Атап айтқанда, бірнеше оқытушылардың мақалалары жарыққа шығып, тиісінше үздік жұмыстары үшін арнайы Сертификаттар мен Алғыс хаттарға ие болды.
Сондай-ақ, студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарына жетекшілік жасап, нәтижелі еңбек көрсеткен оқытушылар қатары да аз емес. Нақты айтатын болсақ, қазан айында Ақтөбе қаласы «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында өткен «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты ХІІ Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға бірнеше студенттерді қатыстырды. Білім алушылар алдын-ала бекітілген тақырыптары бойынша өз жұмыстарын жоғары деңгейде көрсете білді. Нәтижесінде барлық қатысушыларымыз жүлделі орындарды жеңіп алып, түрлі дәрежелі Дипломдар мен арнайы Сертификаттарға ие болды. Тиісінше, конференцияға атсалысып, жоғары нәтиже көрсеткен жеңімпазды дайындағаны үшін жетекшілеріне Мадақтама берілді.
Барлық ұсынылған мақалалар «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты ХІІ Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жинағына жарыққа шықты.
Колледж көлемінде өтетін ғылыми-теориялық конференция оқу жылының 2-жарты жылдығында, яғни 2024 жылдың сәуір айына жоспарланғандықтан бірнеше оқытушылар мен студенттердің ғылыми мақалалары жарыққа шықпады. Дегенмен, тақырыптары бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізіп, материалдар жинақтауда. Студенттерге тақырыптары бойынша жетекшілері тарапынан бағыт-бағдар, кеңестер беріліп, олардың іздену жұмыстарына қажетті материалдар жинақтауда тиісті көмек көрсетілуде.
Сонымен қатар, бөлім оқытушылары жоспардан тыс біршама жұмыстар атқарып, жетістіктерге қол жеткізді. Нақты айтқанда, Қазақстан Республикасының Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Парасат» коллджінің ұйымдастырған «Волейболдан »оқытушылар арасында өткен жарыста Дене тәрбиесі және спорт мамандығының оқытушылары жүлделі 2-орын алып. Шымкент қаласының спорт басқармасының Дипломдарына ие болды. Дене тәрбиесі және спорт пәнінің оқытушылар колледж ішілік жарыста өз топтарына жетекшілік жасап «Волейболдан» жарыс ұйымдастырып колледжь директоры АС.Арынбековна қатысып жеңіске жеткен оқытушыларды,жүлделі орындар мен марапатады. А.А Кәдірқұлов пен А.Б Жарылкасынов Тұран ауданы әкімі Б.Әшірбековтан «Алғыс хат»алды.
Қорыта келгенде, 2023-2024 оқу жылының І-жарты жылдығындағы барлық бағыттар бойынша жоспарланған іс-шаралар толығымен орындалды.